Буаздылықтың ұзаутығы. Аналық малдың буаздыдығы күтімінe, азықтандыруына, төлдің санына және оның жынысына байланысты. Мысалы, биенің буаздылығының ұзақтығы 320-365 күн, сиырда 270-300 күн, саулықтар мен ешккілерде 145-157 күн, мегежіндерде 108-123 күн.
Төл туар алдындағы маңызды белгілер.
- Аналық малдың әдеттегі жамбасы « туу жеріне » айналуы оның бай-
ланыс аппаратының әлсіреуімен көрінеді. Жамбастың барлық сіңірлері борпылдақ болады: олардың ұзындықтары 1/3-ге немесе 1/4-ге узарады. Эдетте, жамбас «туу жеріне» ұрықты шығарардан 12-36 сағат бурын айналады.
- Жыныс еріндерінің iciнуi және үлкеюі, олардың тepici жылтыр болады, бүктемелері жазылады.
- Ұрық туу алдында қынаптың кою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына 1-2 күн қалғанда қынап шырышының сұйылу процесі байқалады.
- Уыздың бөлінуі адетте 2-3 таулік бурын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте немесе ұрық туғаннан кейін бөлінеді.
5.Төл туар алдында 12-50 сағат бурын малдың дсінің температүрасы 0,4-1,2 о С-қа төмендейді.
- Tiк ішек арқылы зерттегенде жатыр мойнының ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл оның ашылуын және биеде 10-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төлдің туатынын көрсетеді.
- Ұсак- малдың аналықтарының «туатын ұрыққа орын дайындауы» .
Туу сатылары. Туу сатысының уш түрiH ажыратады: ашылу сатысы, туу сатысы және туудан кейінгі саты.
Төлдеу aктici —жетілген тipi ұрықты анасы ағзасынан шығарудан және ұрық қабығы мен оның суын қуудан тұратын физиологиялық процесс. Төлдеу — ұрық және аналық ағзасының қатынасуымен жатыр мускулатүрасы мен бұлшық еттің белсенді жиырылуы әсерiнен өтетін процесс.
- Ашылу сатысында жыныс ағзаларының бұлшық ет жиырылуы болады. Жиырылу ұрықца және қағанақ суларына жасайды, соның олар қысымы аз жаққа, басқаша айтқанда, жатыр мойнына қарай ауысып, ұрық жолының ашылуына ықпал жасайды. Ашылған жолға қағанақ қабықтары, оның ішіне алынған қағанақ сулары еніп, жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының әсерiHен жатыр мойны ашылып, қынап және жатыр қабырғасымен бірігеді. Кағанақ қабықтарының болшектері жатыр мойны арқылы отіп, қынапца түседі, кейде сарпайдың сыртына
жартылай шар тәрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып түрады. Осы уақытта қағанақ қабыңтары жарылады, пайда болған тeciктен қағанақ суының жартысы сыртка төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуы мен ашылу сатысы аякталады.
- Туу сатысы. Жатыр мойнына кағанақ қабы eнуiмен бірге төлдің жакын жатқан бөлшектері де кіреді. Кағанақ кабыңтарының жарылуынан кейін ұрық сұйыңпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының рецепторларын тітіркендіреді және бұлшық ет процесінің жиырылуын тудырады. Осы кезде ұрықтағы кысым жоғарғы деңгейге жетеді. Ұрық туу жолдарына кіреді, жакын жатқан ағзалары сарпай саңылауына жакындайды. Келесі бұлшық ет проңесінің және жатырдың жиырылуының әсерiнен ұрықтың жакын жатқан ағзалары сарпай сақылауынан итеріледі. Осыдан кейін ұрықтың шыгуы аяқталады, оның кіндігі үзіледі. Жатыр қуысында қағанақ қабыңтары қалады. Ұрық шығару кезінде аналық мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады және тез арада тұрады.
- Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады, бірнеше минут созылатын үзіліс болады. Содан жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірaқ оның жиырылуы ондай кушті емес. Жиырылу процесі қағанақ қабықтары жатырдан қуылғанға созылады.
Егер ол көрсетілген мерзімнен ұзаса, оны бұрыс (патологиялық) төлдеу деп атайды. Төлдейтін малдың толғағы басталғанда оның сыртқы жыныс ағзадарын тазартады.
Әдеттегі, туу кезінде акушерлік көмек көрсету. Акушер өз қолын жуып таза орамалмен сүртіп, йодталған спиртпен залалсыздаедырады және қолға резеңке қолғап киеді немесе стерилденген вазелин жағады. Жыныс саңылауынан төлдің алдыңғы аяқтары табанымен төмен (баспен келу) немесе артқы аяқтарымен табаны шалқасымен жамбаспен келуі көрінгенде аяқтарынан ұстап, сиырдың толғағы қайталанғанда тарту керек. Жаңа туға құлынды, бұзауды, қозыны, торайды ең алдымен оның танауын, мқрнын, ауыз қуысын таза орамалмен шырыштан тазарту керек. Мұны оынң өкпесіне ауа бару үшін жасайды. Содан кейін жаңа туған төлдің кіндігін өңдейді. Егер де кіндік өзі үзілмесе, онда оны ұрықтың құрсақ қабырғасынан құлын мен бұзауда 10-15 см, қозы мен торайда 5-8 см жіберіп жіппен байлайды да, байланған жерден 2-3 см төмен қайшымен кеседі. Егер қол астында қайшы болмаса, онда бір қолмен жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстап, кіндігін бұрап үзеді. Ең жақсысы аналарына төлдерін жалату, бұл жағдайда олардың ағзасының температурасын төмендетпейді. Құрғату мен массаж төлдердің қан айналыс жүйесін жақсартады және тоңғақтың тез арада шығуына ықпал етеді.
6.7. Сүт безі аурулары
Желін анатомиясы.сиырдың сүт безі 4 бөлшектен тұратын безді ағза. Олардың әрбіреуі емшекпен аяқталады. Кейбір сиырларда екеуден, кейде төртеуден тұратын қосымша бөліктер болады. Әдетте олар нашар дамыған. Қосымша болектерде мен емшек жолдары болмайды. Емшек терісінде жун жамылғысы аз: желіннің артқы бетінде олар астынан жоғары және жан-жакка «сүт айнасын» құрастырып өседі. Сүт айнасы дамыса, онда сиыр сүттi деп саналады. Сүт айнасынын пішіні, формасы және көлемі өзгеріп отырады. ЖeлiH құрсақ қабырғасының вентралдық жағына тығыз орналасқан.
Желіннің негізгі бөліктері: безді тін, шығарушы тармақтар, интерстициалдық дәнекерлі тiн, қан, лимфа тамырлары және жуйкелер. Сүт безінің оң және сол жартылары бір-бірiнен желіннің ілініп түратын сіңірімен бөлінген. Терінің астында әpбір желіннің жартысын жауып түратын үстіңгі сүт бездерінің фасциясы орналасса, оның астында желінді бірнеше бөліктерге бөлетін өздік фасциясы орналасқан.
Желіннің паренхимасы безді альвеолардан және шығаратын тармақтардан түрады. Альвеолалар сүт бөлетін, құратын секрециялық жасушалармен төселген. Альвеолдардан ұсақ тармақтар тарайды. Олар бір-бірiмен қосыла отырып орташа тармақтар құрайды .
Орташа тармақтар астына қарай емшек жаққа бағытталап косылады да, 12-50 кең шығаратын тармақтар құрайды. Олардан сүт жолдары басталады. Сүт жолдары цистернаға қосылады (құйылады).
Сүт цистернасы—желіннің паренхимасына дейін созылып жатқан емшек қуысы. Ол сүттің резервуары болып саналады.
Желін eкi жартыдан түрады, eкi емшегі болады, желіннің әр жартысы алдыңғы және артқы ширекке бөлінеді, бірақ ол сыртынан білінбейді. Әpбір ширегінің өз альвеолалары мен сүт жолдары емшектен 2-3 арна болып ашылады.
Қой, ешкінің желіні eкi жартыдан түрады, ширекке бөлінбейді, eкi емшегі болады.
Шошқаның желіні қарнының eкi жағында қатарласып тізбектеліп, 8-12 жұп болып орналасқан, ор емшегінің ұшында 2-3 арна болады.
Лактацияға әсер eтетін факторлар:
- Сауу кезінде немесе емген кезде пайда болатын жуйке импульстері ол орталық жүйке жүйесіне келірп, сүт безінің қызметін не күшейтеді, не тежейді.
- Гормондар: фолликулин, прогестерон, пролактин, окситоцин. Бұл гормондардың әсерiнен альвеолдар өсіп, көбейіп, жетіліп түседі де, лактация басталады.
- Иіс сезу, көзбен кору, құлағымен есту рецепторлары мен дәм сезу рецепторлары арқылы түceтін тітіркендіргіш импульстер де лактацияны не күшейтіп не тежеп тастауы мүмкін. Атап айтқанда, айқай-шу, урып-соғу, бөтен кісілер, сауыншылардың жиі ауысып отыруы лактацияға кepi әсер етеді. Керісінше дәмді жемшөп беріп, жылы сөзбен келіп, малды сипау, азырақ массаж жасау, сауып алған соң құрғатып сүртіп, майлап кою сиырдың сүттілігін арттырады.
Төлдегеннен кейінгі 4-5 күн бойы емшектен уыз шығады. Уыз — жаңа туған төлдің өсіп дамуы үшін аса қажетті қоректік зат, оның құрамында альбумин, глобулин сияқты ақуыздар, май, А, Д, С, В витамин макро және микроэлементтер, ферменттер және әр түрлі инфекциялы аурулардан қорғайтын иммунды заттар бар.
Желін ауруларының алдын алу. Сүт безінің ауруларына және аномалиярына агалактия, гипогалактия сүт тастары, сүт бездерінің туындылары және iciктepi, цистернасының таралуымен жаралар, канды сүт, лакторея және желінсау жатады. Малды ұрып-соғу, жарақаттану, микробтар — стрептококк, стафилококк, т.б. eнуi, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру, ішек–қарын аурулары салдарынан улану, сауын стакандарының лас болуы, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде оның сүтін сарықпау, сауын аппаратының дурыс жумыс icтемeyi, вакуум тәртібінің бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстаудан желінге салқын тигізу, малды дурыс азықтандырмау, оған сапасыз азық беру — мінe, мұның бәpi ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.
Желін ауруларының түрi көп. Әсіресе, желінсауды емдеу ойлағандай натиже бермейді. Сондықтан оның алдын алатын, жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек, ол жоспар зоотехниялық, агротехниялық, ветеринариялық және шаруашылық-ұйымдастыру шараларын щамтиды.
Атап айтқанда, жалпы зоотехникалық, малдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі:
- Дұрыс азықтандыру. Рационда бірыңғай жем немесе сүрлем болмай, азықтардың ар түрлі құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары, А және Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе, шіріген, көгерген, үсіген жемшөпті бермеу керек және жемшөптің бір түрiнен екіншісіне бірден ешқандай дайындықсыз ауыстыра салуға болмайды.
- Дұрыс бағып-куту. Малдық тұрған жері құрғақ, таза болып, өкпек желден сақтау керек. Күнделікті таза ауаға серуендетеді. Мал қорадан шығарғанда, кepi айдап қақпадан қысылмай сүрініп-жығылмай жүретіндей жағдай жасау керек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап турады.
- Дұрыс пайдалану. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әcipeсе, сүттi сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет залалсыздандырып, май, дәрі жағып қояды. Сауын сиырдың желінін сауар алдында 2-3 минут бурын жуып сүртіп уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сау агреғаттарының тазалығына, режимнің бұзылуыуа көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып, кейіннен машинамен саууға ауыстырады. Сауып болған соң сиырдың емшегін құрғатып сүртіп майлап қояды.
- Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тeкcepiп тұрады. Жем-шөптің сапасы аграрлың зертханада тексеріліп, ағзадағы зат алмасу құбылыстарын малдың қанық тексеру арқылы анықтап, сол сараптамалардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады.
Мұнымен қатар мал дәрігердері сиырлардың жалпы енсаулығына әсіресе жыныс ағзаларымен ас қорыту ағзаларына, ферманық санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап тұрады.