Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән. Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз […]
Category: Биология
Азық-түліктердегі көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың маңызы
Адам организмінде қарапайым заттардан күрделі заттардың түзілу процесі, сонымен қатар күрделі заттардың ыдырауы, тотығуы үздіксіз жүріп жатады. Мүшелердің жұмысы олардың үздіксіз жаңаруымен қатар жүріп отырады — жасушалардың біреуі тіршілігін жойса, басқалары оны алмастырады. Организм жасушалары, егер организмге оттек және қоректік заттар үздіксіз түсіп отырса ғана өсіп, жаңарып отырады. Қоректік заттар бұл — организмді құрайтын құрылыс […]
Микроэлементтің және макроэлементтің организмдер тіршілігіндегі рөлі
Жасушалардың тіршілік әрекетінің негізгі шарттарының бірі — мыңдаған заттардың қатысуымен жүретін алуан түрлі химиялық процестер. Тірі организмдердің жасушалары химиялық құрамы бойынша ұқсас. Бұл органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсетеді. Тірі организмдердің құрамында химиялық элементтердің едәуір мөлшері табылған, олардың біреулері көп мөлшерде болса, басқалары аз мөлшерде болады. Тірі организмдердің 98%-ы төрт элементтен: оттек, көміртек, сутек және азоттан […]
Тірі организмдер үшін судың маңызы
Су — тірі организмдердің өмір сүруін және олардың тіршілік әрекеттерінің даму процестерін қамтамасыз ететін ерекше қасиетке ие өзіндік минерал. Барлық сұйықтықтардың ішінде су — ең жақсы еріткіш. Ол үлкен жылусыйымдылыққа және жылуөткізгіштікке ие. Судың басқа кәдімгі қосылыстардан айырмашылығы — қалыпты температуралық ауытқу кезінде газ, сұйық және қатты күйінде болуында. Су молекулалары бір-бірімен және басқа да […]
Ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі
Әрбір жасуша құрылысының ерекшелігіне қарай белгілі бір қызмет атқарады. Көпжасушалы организмдердің жасушаларынан ұлпалар түзіледі. Ұлпа — шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: түзуші, негізгі, жабындық, өткізгіш, бөліп шығарушы және тіректік (47-сурет). Түзуші ұлпа тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар […]
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысы
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысының ерекшеліктері Барлық тірі организмдер тек микроскоппен ғана көруге болатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектерді кейіннен жасуша деп атаған. Алғаш «жасуша» атауын 1665 жылы Роберт Гук қолданған және сол уақыттан бері бұл атау ғылымда бекітілді. Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олардың мөлшері, пішіні әртүрлі, қызметтері де түрліше болады. Дегенмен түрлі организмдер […]
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысы
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер Біржасушалылар патшалық тармағы. Қарапайымдардың денесі бір жасушадан тұрады, бірақ бұл жасуша — дербес тіршілік ететін тұтас организм. Олардың негізін бір немесе сирек жағдайда екі ядросы бар цитоплазма құрайды. Көпжасушалы организмдерден айырмашылығы — біржасушалыларда арнайы қызмет атқаратын органоидтер: қозғалыс органоидтері, жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі, кейбіреулерінде жарықсезгіш көзшелері, қылаулатқыштары болады […]
Тірі организмдердің патшалықтары
Тірі организмдер 5 патшалыққа бөлінеді: вирустар және фагтар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз және жасушалы болып екі топқа бөлінеді. Вирустар — бұл паразиттер, олар тек тірі жасушаларда ғана тіршілік етіп көбейе алады. Анығырақ айтқанда, жасуша өзінің қоректік заттарының есебінен вирустарды көбейтеді. Бактериялар — прокариоттар, жердің ең ертедегі қоныстанушылары, олар екі миллиард жылдан […]