Архив рубрики: Медицина

Нефроптоз туралы қазақша мәлімет

Нефроптоз (бүйректің төмендеп түсуі) дегеніміз патологиялық жағдай, мұндайда бүйрек өз орнынан жылжып қалыптағыдан гөрі төменірек орналасады, оның жылжымалылығы адам денесінің тыныш қалпы мен жағдайы өзгерген, әсіресе түрегеп тұрған кезде физиологиялық нормадан артық болады. Бұл ауру атауының бүйректің патологиялық жылжымалылығы деген синонимінің болуы осыдан.Жиілігі. Нефроптоз урологиялық аурулардың арасында үшінші орын алады. Ол еркектерден гөрі әйелдерде анағұрлым… Читать далее »

Қуықтың физиологиясы

Қуықтың ағзадан несептің қалыпты эвакуациясын қамтамасыз ететін бір функциясы несепті шығару акті болып табылады. Ол алдыңғы ішперде қабырғасының, несеп-жыныс көкетінің қуықтын тұйықтау аппаратының бұлшық еттерімен комплексте детрузордың жиырылуымен жүзеге асады. Қуықтың түйықтау аппараты ішкі және сыртқы сфинктерден тұрады. Ішкі сфинктер — детрузордың жылтыр бұлшық ет талшықтарының артқы үрпінің көлденең бұлшық етімен қосылатын жалғасы. Детрузордың бұл… Читать далее »

Жоғарғы несеп жолдарының физиологиясы

Жоғарғы несеп жолдарының негізгі функциясы несепті бүйректен қуыққа эвакуациялау (тасымалдау) болып табылады. Несеп жолдарының барлық өңірлері дерлік біршама теріс қысым туғызу принципі бойынша қызмет етеді, осыған орай несеп эвакуациясының негізгі кезеңі дилятация мен систола болып табылады. Несеп бүйректен жылжыған сайын оның фильтрациясы мен реабсорбциясы кезінде жинаушы түтікшелер деңгейінде өзекше ішіндегі қысым нөлге жақындайды. Мұнда тостағаншалардың… Читать далее »

Этил спирті

Этил спирті (этанол, Spiritus vini) — түссіз, ұшқыш спирт, иісті және күйдіретін дәмді, сумен, эфирмен, хлороформмен араласатын сұйықтық болып табылады. «Алкаголь» сөзі араб тілінен аударғанда kuhl — антимоний сурьмасы, kuhul — алкоголь спирт, каһаlа — жағу. Орта ғасырларда аlсо сөзін ұсақ, ұнтақ, опа немесе дистильденген су ретінде қолданған. «Спирт» сөзін латынша мынадай мағына береді; spiro-тыныс… Читать далее »

Бруцеллез қоздырғыштары

1886 жылы Д.Брюс мальтия қызбасынан өлген адамның көкбауырынан таза дақылда майда коккобактерияны анықтаған, оны Micrococcus — деп атаған. 1896 жылы Б.Банг сиырдың түсігі кезінде жолдасының сұйықтығынан коккобактерия анықтаған. 1914 жылы Ж.Траум осыған ұқсас таяқшаны ауру шошқада анықтаған. 1916 жылы Ивенс барлық анықталған микроағзаларды зерттеп, олардың ұқсастығын анықтап, ғалым Брюстың құрметіне бруцелла деп атаған. Кейіннен (1953, 1957,… Читать далее »

Остеопатия туралы мәлімет

Остеопатия — бұл медицинаның дамушы бағыты, диагностикалық және емдеудің дәрігер қолымен іске асуы. Неге бас ауырады, арқа қақсайды, қабырға аралығы ауырады? Мүның себебін анықтау үшін аз уақыт кетеді. Дәрігерлердің кабинеттеріне сарылғанша, бір ғана дәрігер-остеопатқа барған дұрыс, ол тек қолмен ғана диагноз қойып, емдейді. Анатомияның және физиологияның терең білімі остеопатиялық аурулардың себебін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар… Читать далее »

Мануалды медицина

Мануалды медицина — медицина ғылымдарының көнесі. Медициналық манипуляциялар ежелгі Қытай территориясында осыдан 4 мың жыл бұрын қолданылғанын археологиялық жұмыстар да куәландырады. Үндістан мен Үндіқытайда, ежелгі Мысырда емдік мақсатта қолды пайдаланды. Қазіргі Батыс медицинасының атасы Гиппократ омыртқаны созу мен манипуляцияны қолдануды, сипаттаған (рахитерапия). Оның ойынша 20% шамасындағы барлық емдік процедуралар қолдармен жасалған. Медициналық манипуляция жайлы мәліметтердің… Читать далее »

Сүлік салу (Гирудотерапия)

Гирудотерапия — медициналық сүліктермен емдеу. Медициналық сүліктің көмегімен (гирудотерапия немесе бделлотерапия) емдеу ежелгі заманнан бері қолданылып келеді. «Гирудотерапия» термині латын тілінен аударғанда «гирудо» — сүлік, ал «бделлотерапия» термині грек тілінен аударғанда «бделла» — бұл да «сүлік» деген мағынаны білдіреді.Медициналық сүлікті ең алғаш қолданылғаны туралы мәліметтер б.ғ.д. 200 жылы болған. Ежелгі заманнан бері бірнеше ғасырлар бойы гирудотерапияға… Читать далее »

Гомеопатия туралы қазақша

Гомеопатия медицинада ерекше бағытты көрсетеді, оның ерекшелігі — ауруды ауырған кездегі жағдайды тудыра емдеу. Гомеопатия, емдеу жүйесі ретінде, 200 жыл болды. Неміс дәрігері С. Ганеман тәжірибе жүзінде мынаны орнатты, егер ол сау адамда аурудың белгілерін тудыратын жағдайда ауру мынадай дәрілік заттармен емделеді.Сырқат агенттерінің әсері мен дәрілер тудыратын әсерлердің ұқсастығы көне медицинада белгілі болған. Халық медицинасында бұл жайлы… Читать далее »