Пионефроз арнамалы және бейарнамалы іріңді-деструкциялы пиелонефриттің терминалдық сатысы болып табылады. Пионефроздық бүйрек іріңдеп іруге ұшыраған, іріңге, несепке және тіндік ыдырау өнімдеріне толы жекелеген қуыстардан тұратын органға айналады. Астаудың қабырғасы қалындаған, инфильтрацияланған. Пионефроз әр уақытта перинефритпен немесе паранефритпен қабаттасады. Пионефроз көбіне-көп несеп жолдарына тас байлану, аномалиялар немесе несеп жолдарындағы ұзақ уақыт бойы қабынудың активті фазасында өтіп […]
Category: Медицина
Бүйректің қабынуы (пиелонефрит)
Бүйректің қабынуы (пиелонефрит) дегенде бүйректің интерстициалдың тіні мен түтікшелерінде болатын бір мезгілде не бірінен соң бірі бүйректің паренхимасы мен тостағанша-астау бөлімдеріне жайылатын бейарнамалы инфекциялық қабыну процесі ұғынылады. Актық стадиясында ол бүйректің қан таситын тамырлары мен шумақшаларына жайылады. Сөйтіп пиелонефрит интерстициалдық нефриттің бактериялык формасы болып табылады. Бұрынырақта болып келген «пиелит» деген термин таза түрінде қолдануға келмейді, […]
Нефроптоз туралы қазақша мәлімет
Нефроптоз (бүйректің төмендеп түсуі) дегеніміз патологиялық жағдай, мұндайда бүйрек өз орнынан жылжып қалыптағыдан гөрі төменірек орналасады, оның жылжымалылығы адам денесінің тыныш қалпы мен жағдайы өзгерген, әсіресе түрегеп тұрған кезде физиологиялық нормадан артық болады. Бұл ауру атауының бүйректің патологиялық жылжымалылығы деген синонимінің болуы осыдан. Жиілігі. Нефроптоз урологиялық аурулардың арасында үшінші орын алады. Ол еркектерден гөрі әйелдерде […]
Қуықтың физиологиясы
Қуықтың ағзадан несептің қалыпты эвакуациясын қамтамасыз ететін бір функциясы несепті шығару акті болып табылады. Ол алдыңғы ішперде қабырғасының, несеп-жыныс көкетінің қуықтын тұйықтау аппаратының бұлшық еттерімен комплексте детрузордың жиырылуымен жүзеге асады. Қуықтың түйықтау аппараты ішкі және сыртқы сфинктерден тұрады. Ішкі сфинктер — детрузордың жылтыр бұлшық ет талшықтарының артқы үрпінің көлденең бұлшық етімен қосылатын жалғасы. Детрузордың бұл […]
Жоғарғы несеп жолдарының физиологиясы
Жоғарғы несеп жолдарының негізгі функциясы несепті бүйректен қуыққа эвакуациялау (тасымалдау) болып табылады. Несеп жолдарының барлық өңірлері дерлік біршама теріс қысым туғызу принципі бойынша қызмет етеді, осыған орай несеп эвакуациясының негізгі кезеңі дилятация мен систола болып табылады. Несеп бүйректен жылжыған сайын оның фильтрациясы мен реабсорбциясы кезінде жинаушы түтікшелер деңгейінде өзекше ішіндегі қысым нөлге жақындайды. Мұнда тостағаншалардың […]
Этил спирті
Этил спирті (этанол, Spiritus vini) — түссіз, ұшқыш спирт, иісті және күйдіретін дәмді, сумен, эфирмен, хлороформмен араласатын сұйықтық болып табылады. «Алкаголь» сөзі араб тілінен аударғанда kuhl — антимоний сурьмасы, kuhul — алкоголь спирт, каһаlа — жағу. Орта ғасырларда аlсо сөзін ұсақ, ұнтақ, опа немесе дистильденген су ретінде қолданған. «Спирт» сөзін латынша мынадай мағына береді; spiro-тыныс […]
Бруцеллез қоздырғыштары
1886 жылы Д.Брюс мальтия қызбасынан өлген адамның көкбауырынан таза дақылда майда коккобактерияны анықтаған, оны Micrococcus — деп атаған. 1896 жылы Б.Банг сиырдың түсігі кезінде жолдасының сұйықтығынан коккобактерия анықтаған. 1914 жылы Ж.Траум осыған ұқсас таяқшаны ауру шошқада анықтаған. 1916 жылы Ивенс барлық анықталған микроағзаларды зерттеп, олардың ұқсастығын анықтап, ғалым Брюстың құрметіне бруцелла деп атаған. Кейіннен (1953, 1957, […]
Остеопатия туралы мәлімет
Остеопатия — бұл медицинаның дамушы бағыты, диагностикалық және емдеудің дәрігер қолымен іске асуы. Неге бас ауырады, арқа қақсайды, қабырға аралығы ауырады? Мүның себебін анықтау үшін аз уақыт кетеді. Дәрігерлердің кабинеттеріне сарылғанша, бір ғана дәрігер-остеопатқа барған дұрыс, ол тек қолмен ғана диагноз қойып, емдейді. Анатомияның және физиологияның терең білімі остеопатиялық аурулардың себебін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар […]