Заңға сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің негізгі алты бағытының бірі болып табылады. Бұл саладағы негізгі құжат Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы болып табылады. Соңғы жылдар бойы оны іске асыру елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

Теңқұқықтық принципіне негізделген атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭЖХА) қамқорлығымен ядролық отын банкін құру әрбір елге өз аумағында уранды байытудан бас тарту шартымен атом станциялары үшін отын алуға мүмкіндік береді. Мұндай кемсітушіліксіз тәсіл ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарына толығымен жауап береді.

Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сендіруі бойынша «Қазақстанда ядролық отынның халықаралық банкін құру басқа елдерге өз энергетикалық бағдарламаларын ашық іске асыруға мүмкіндік береді».

Тұрлаулы әлеуметтік-экономикалық жағдай, салыстырылып дұрысталған деп танылған сыртқы саяси бағдар, Қазақстанда уран өндіру мен қайта өңдеу бойынша дамыған атом өнеркәсібінің болуы, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласында Қазақстанның көшбасшы болуы және басқа да факторлар осы жобаны іске асыру үшін қолайлы және қажетті шарттар болып табылады.

Маңғыстау аймағының күрделі экологиялық мәселесі бұрынғы Каспий  маңындағы  тау-металлургиялық  комбинатының  қалдықтарын жинақтаушы «Қошқар Ата» қалдықтар қоймасы болып табылады. Ол Ақтау қаласының маңында, табиғи ағынсыз ойпатта орналасқан. 1969 жылдан бастап онда 11 мың Кюри сомалық белсенділігі бар 51 млн тонна радиоактивті қалдықтар қоймаланған. Фосфориттерді қайта өңдеу қалдықтарын шығарып тастау 1998 жылы тоқтатылған. Қазіргі кезде қаланың жекелеген ықшамаудандарының ағынды сулары шығарылуда.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығы 2000 жылы қабылданған мыңжылдық даму мақсаттарына жету бойынша БҰҰ Мағлұмдамасында белгіленген. Қазақстан, әсіресе елдің батыс, орталық және оңтүстік аймақтарында шектеулі су ресурстары бар және олардың айтарлықтай тапшылығын сезінетін мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстан аумағының басым бөлігі шөлді және жартылай шөлді құрғақ аймақтарға жатады, онда экономиканың салалары мен халықты сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Қазақстанда «Ауызсу» және «Ақбұлақ» бағдарламалары іске асуда. «Ақбүлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2020 жылдарға пайдаланушы кәсіпорындардың тиімді және ұтымды қызметі, су шаруашылығы саласының дамуы, мемлекеттік-жеке серіктестік және де жерасты сулары көздерін пайдалану бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Арал және Семей аймақтары экологиялық апат аймақтары болып саналады, онда табиғи экологиялық жүйелердің құруы, қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азып-тозуы болған, халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілген.

Өзінің көлемі бойынша Арал әлем көлдерінің қатарында: Каспийден, Солтүстік Американың Жоғарғы көлдері мен Чад көлінен кейін төртінші орында түрған. Арал көлемі (аралдарымен бірге) 64 490 шақ2 құраған; ең ұзын жері — 428 шақ, ең кең жері — 284 шақ. Судың тұздылығы 10-11% болған. 1961 жылдан бастап режимге белсенді антропогендік әсер кезеңі деп аталған теңіз өмірінің қазіргі замандағы кезеңі басталған. Кейбір жылдары 70-75 шақ3/жылға жеткен ағынның қайтымсыз алынуының күрт өсуі және 1960-1980 жылдары орын алған судың табиғи түрде аздығы су және түз теңгерімінің бүзылуына алып келді. 1987 жылы Кіші теңіздің бөлінуінен кейін оның және Үлкен теңіздің режимдері әртүрлі сценарийлер бойынша дами бастады. 1992 жылы салынған Үлкен және Кіші Арал арасындағы бөгет Үлкен Аралға Сырдарияның құйылуын толығымен тоқтатты.  Бірақ  1999 жылдың сәуірінде су тасқыны кезінде бөгетті су ағызып кеткен. 2007 жылы теңіз акваториясы 1960 жылғы су бетінің тек 10%-ін құраған. Арал теңізі 3 су қоймасына айналған. Үлкен Арал екі аса тұзды су қоймасына бөлінді. 2007-2008 жылдары Шығыс бассейніндегі су минерализациясы 200 г/л асқан, 2007 жылы Батыста 94,5 г/л деңгейінде болған, қазіргі кезде 110 г/л асады. 2009 жылдың тамызына қарай Шығыс су қоймасы толығымен кеуіп қалған.

Құмды топырақтардың эрозиясына (ұшырылуына), ирригациялы жерлердің екінші қайтара тұздануына, аймақтың тоғай және сексеуіл ормандарының қысқаруына, жайылымдардың нашар сулануына, жеке-фермерлік шаруашылықтардың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты шөлдену үдерістерін тұрақтандыру мәселелері өзекті болып қалып отыр. Қазіргі кезеңде Қазақстанда Арал теңізінің кеуіп қалған түбінің ауқымы 50 000 астам шаршы шақырым құрайды және көпшілігінде сор мен қүмдық шөл нашар құрылған экожүйесі бар жаңа сортаң шөлді ұсынады. Кебу үдерісі республиканың оңтүстік-батысында, Өзбекстанда жалғасуда. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен шыққан тұз бен тозаң жергілікті халықтың денсаулығы үшін қауіп-қатер тудырады, онда тыныс жолдары аурулары, көмей мен өңештің қатерлі ісігі, ас қорытудың бұзылуы, тұзға қанық ауамен тыныс алу және судың әсерінен болған жоғары қан қысымы, сонымен қатар бауыр, бүйрек, көз ауруларымен ауырудың жоғары үлесі байқалады.

Жаһандық жылыну, мұздықтардың еруі, сел белсенділігі, ылғалдану аймақтары шекарасының жылжуы мәселелері — бұл Қазақстанда ауа райының біртіндеп өзгеріп келе жатқандығының нақты белгілері. Шығарылатын булы газдардың көлемі бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Бізде адам басына шаққандағы шығындылардың деңгейі бір адамға 13,6 тонна, ал дамыған мемлекеттер ме ЕО елдерінде бұл көрсеткіш бір адамға 10 тонна құрайды, ал дамушы елдерде адам басына 2 тоннадан артық емес. Киот хаттамасына сәйкес Қазақстан 1992 жылға қатысты 2020 жылға шығындыларды 15 процент және 2050 жылға 25 процент қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдады.

Киот механизмдерін іске асыру елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізе алады, соның ішінде бұл бюджетке түсімдердің ұлғаюы, техникалық жаңарту мен кәсіпорындар капитализациясының өсуі есебінен, сонымен қатар өндірістік және коммуналдық салада ресурс пен энергия үнемдеуді енгізу есебінен іске асады. Оның түрақты дамуға өту тұжырымдамасында-Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі кешенді іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттар 2010-2020 жылдарға негізделген «Қазақстанның экологиясы» атты Мемлекеттік бағдарламасында бар. Бағдарлама аясында «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы» сияқты қоршаған ортаны қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарды іске асыру жалғасады. 2008 жылы оларды республикалық және жергілікті деңгейлерге бөлу арқылы «Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер реестрі» бекітілген.

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделерін және қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туатын қатерлерден тұлғаның құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мэселелерді шешу қажет:

— жердің озон қабатын бұзуға және ауа райының өзгерісіне алып келетін антропогендік әсерді төмендету;

— биотүрлілікті сақтау және жерлердің азып-тозуы мен шөлденуінің алдын алу;

— экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ жүргізу кешендерін қалпына келтіру;

— Каспий теңізі қайраңы ластануының алдын алу;

— су ресурстарының жұтаңдануы мен ластануын болдырмау;

— тарихи ластанулардың, ауа бассейні ластануының, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, сонымен қатар транс-шекаралық ластанулардың алдын алу және жою;

— өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалу көлемін қысқарту;

— табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *