Экологиялық дамудың ғаламдық үлгілері. Энергетикалық проблемаларды шешудің балама нұсқалары. Отын-энергетика кешені (ОЭК) капиталды қажет ететін сала болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде негізгі қаржы салымының шамамен 85%-ы мұнай өндіруші кәсіпорын мен электр энергетикасына (шамамен әр түрлі үлесте) және 15%-ы мұнай өңдеу мен көмір өндірісіне тиесілі. ОЭК-тегі инвестициялық үдеріске негізінен мұнай өнеркәсібіне арналған инвестиция ерекше әсер етеді.

Осы циклдің соңғы шарықтауы 1981-1982 жылдарға сәйкес келді, сол кезде мұнайдың бағасы мен осы салаға бөлінген қаржы салымының мөлшері ең жоғары деңгейге жетті. Осыдан кейін баға мен қаржы салымы төмендей бастады. Бетбұрыс өткен ғасырдың 90-жылдарында басталып, 2010 жылға дейін созылды. Мұнай өнеркәсібі дамуының циклдік сипатына сәйкес қаржы салымындағы өзгерістер осы салада ғана емес, сондай-ақ түтас алғанда ОЭК-те кеңінен өріс алды. Америкалық геологиялық қоғамньщ берген мәлімдемесі бойынша, ОЭК 2000 жылы 3 трлн баррельді құрады, ал өндіріс 30 жылдан кейін шарықтауы мүмкін. Ал халықаралық энергетикалық агент өндірістің шарықтауы 2013 және 2017 жылдар аралығында болады деп есептейді.

Мұнай компаниялары өздерінің жеке шарықтаулары жайында жарияламағанымен, ұзақ мерзімді жоспарларда мұнай мен газ тапшылығы болмайды деп көрсетеді. Олардың пікірінше, қазіргі тұтыну деңгейі жағдайында, мұнайдың барланған ғаламдық қорлары 40 жылға, ал газ 60 жылға жетеді.

Мамандардың болжауынша, 2015 жылға дейін әлемде электр энергиясын өндірудің жылдық орташа өсу қарқыны 2,7%-ды құрайды, алайда өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердегі электр энергетикасының даму қарқыны мен электр энергиясын өндіруге арналған отынның сан алуан түрлерін пайдаланудың арақатынасында едәуір айырмашылықтар байқалуы мүмкін.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі электр энергиясын өндірудің өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден біраз төмен деп болжамдануда, ягни ол 2%-ды құрайды. Белгіленген қуаттың ең жоғары өсімі газбен жұмыс істейтін (жылдық өсімі 4,9%-ға дейін) электр станцияларында болса, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының жылдық орташа өсуі жылына шамамен 1,3%-ды құрайды. Газбен жұмыс істейтін электр станциялары енгізілген қуат бірлігіне аз қаржы салымын талап етеді, құрылыс мерзімі де тез аяқталады, сонымен қатар ОЭК салаларының қоршаған ортаға, әсіресе климаттық ғаламдық өзгеріс мумкіндігіне жағымсыз әсері азаяды.

Газ өте таза экологиялық органикалық отын түрі болып табылады. Ғалымдардың болжауынша, газ өндірудің ресурстық базасы жақын арадағы онжылдықта ерекше қауіп төндірмейді.

Дамуэшы елдерде электр нергиясын пайдалану негізінен көмір жағатын жылу электр станциялары құрылысын арттыру жолымен қанағаттандырылады. Бұл елдердегі электр станцияларында көмірді жағудың тиімді технологиясы жоқ болуына байланысты атмосфераның ластануы көмірді пайдалану көлемінің өсуіне байланысты арта бермек. Мұндай жағдай қандай да бір дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерге де қатысты. Сондықтан олардың көпшілігінде мемлекеттің қолдауымен «таза көмір технологиясын» жасау жөніндегі әдістемелер дайындау қолға алынуда. Осындай технологияларды игеру және оларды дамушы елдерге беру қоршаған ортаның ластануын күрт төмендетумен қатар, электр энергетикасында мұнай мен газдың аса шектеулі қорының орнына көмірді кеңінен қолдануға жол ашуы мүмкін.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ұзақ мерзімді алғашқы энергия ресурстарының (АЭР) жеке өндірісінің едәуір артуы күтілуде.

АЭР-ды тұтыну құрылымында, мұнай бірінші орында. Алайда, мұнайдың үлесі АЭР-ды пайдаланудың жалпы көлемінде біртіндеп төмендей бастайды. Табиғи газды тұтыну қарқынды дамуда. 2015 жьшға қарай АЭР-ды тұтыну құрылымында газ, болжам бойынша, көмірді үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға шықпақ. Тұтыну құрылымындағы осы өзгерістерге қарамастан, органикалық жолмен табылатын АЭР көп (92%-дан астам) үлесті алып отыр.

АЭР-ды жалпы тұтынудағы АЭС, СЭС және тағы басқа энергия көздерінің электр энергиясы үлесі 2015 жылға қарай өнеркәсібі дамыған елдерде 1990 жылғы 6,5%-бен салыстырғанда 7,4%-ға дейін өседі. Сонымен қатар АЭС энергиясын пайдаланудың өсу қарқыны жылына 0,9-1 %-ды ғана құрайды, осы уақытты СЭС және қайта жаңартылған энергия көздері жылына 3%-дан асады.

АЭР-ды тұтыну құрылымындағы өзгерістер аясында өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында ОЭК салаларында ҒТЖ-ны дамытудың ұзақ мерзімді жобалары жолға қойылуда.

Мұнай және газ өнеркэсібінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) негізгі бағыттары келесідей:

— мұнай мен газ барлау саласында ҒЗТКЖ күрделі геологиялық құрылысты әлемнің күрделі қолжетімді аймақтарында үш өлшемді сейсмикалық барлау әдістерін жақсартуға бағытталған;

— бұрғылау саласында ҒЗТКЖ көлденең ұңғыма тартуды жақсартуға бағытталған, оларды кеңінен пайдалану мұнай және газ шығатын орындарды өңдеу тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Мұнай өңдеу өнеркәсібінде негізгі күш ақшыл мұнай өнімдерін шығаруды көбейту мақсатында екінші үдерістерді жақсартуға, соның ішінде жоғары октанды этилі жоқ бензин және басқа да жоғары сапалы өнімдерді шығару арқылы қоршаған ортаның зиянды қалдықтармен ластануын азайтуға бағытталған. Сонымен қатар бір мезгілде мұнай өнімдерін отынның балама түрлерімен алмастыру жөніндегі зерттеулер негізінен, көліктерде жүргізіледі (нығыздалған табиғи газ, электр энергиясы, табиғи газдан жасалған спирт, биомасса т.б.).

Қазіргі кезде әлемде 140-қа жуық атом реакторы жұмыс істейді. Олардың үлесі әлемде электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 2007-2009 жылдар арасында 15-17% деңгейінде қалды, ал 2010 жылдың басында ядролық отынды тұтынудың үлес салмағы, 7,3%-ды құрады.

Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада жаңа АЭС-қа деген тапсырыстар нөлге жуық. Сонымен қатар қолданыстағы станцияларды жаңартуға едәуір сұраныстар да бар, бұл жағдай Шығыс Еуропа елдерінде де қалыптасқан.

Тек Шығыс Азияда, соның ішінде Корея Республикасында, Қытайда, Тайваньда жаңа АЭС салуға деген қызығушылық басым, алайда сәйкес жобаларды жасау көп уақытты талап етеді және қоршаған ортаны қорғаушылар тарапынан қысым өскендіктен бұл кейінге қалдырылуы мүмкін.

Тұтас алғанда әлемдегі бірқатар елдерде атом электр станцияларының энергетикасына тәуелділігі едәуір басым. Сонымен, 2007 жылы электр энергиясын жалпы өндірудегі АЭС-тың үлесі төмендегідей пайызды қүрады: Литвада — 76,4; Францияда

— 75,3; Бельгияда- 55,8; Швецияда- 51,1; Словакияда — 49,1; Болгарияда — 45,6; Венгрияда — 43,7; Словения, Швейцария, Корея Республикасы, Испанияда — орта есеппен алғанда 34,0; Жапонияда

— 30,7; ГФР-да — 29,3; Ұлыбританияда — 25,8; АҚШ-та — 22,0; Ресейде — 11,4.

АЭС электр энергиясының өзіндік кұны көмір жағатын ЖЭС-қа қарағанда 20%-ға, мазут жағатындардан 2,5 есеге төмен, ал қаржы салымы екі есеге жоғары (АҚШ-та 1 кВт-ға 1000 долларға жуық). XX ғасырдың аяғына қарай, кейбір есептеулер бойынша, АЭС-та шығарылатын электр энергиясының үлесі 15%-ды құрайды, ал 2020-2030 жылдары 30%-ды құрауы мүмкін, бұл уран өндіруді едәуір көбейтуді қажет етеді.

Уран қоры екі санатқа бөлінеді — оның бағасы 4308-дік 1 кг концентратқа 66 долларға дейін және 66 доллардан 10 долларға дейін. Уранның жалпы қоры Батыстың дамыған елдерінде және дамушы елдерінде 4 млн тоннадан асады; бірінші санатты анық қорлар

— 1650 мың т және екіншісі — 540 мың т; бірінші санатты болжанған қорлар — 1510 мың т, ал екіншісі — 590 мың т. Ең көп қорға АҚШ, Канада, ОАР, Австралия, Франция ие болып отыр.

Алайда осымен уран концентратын алу көздері шектеліп қалмайды. Уранның едәуір қоры байытылған уранды өндіретін зауыттардың үйінділерінде болады. Қазіргі заманғы технология оларды 0,1%-ға дейін жеткізе алады, ал болашақта (лазерлік технологияны пайдалана отырып) нөлге дейін түсіруі ықтимал. Егер көбейткіш реакторларды кеңінен пайдалану мүмкіндігін және плутонийді атомдық отын ретінде қолдануды есепке алатын болсақ, XXI ғасырдың соңына дейін уран қоры жетеді деп есептеуге болады. Соған қарай, термоядролық энергияны тәжірибе жүзінде пайдалануға болады, оны өндіру көздері — теңіз суында болатын датторий, тритийлер өте көп.

Атом энергетикасьша қарағанда баламалы энергия көздерін пайдалану экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігіне байланысты барлық өнеркәсібі дамыған елдердің қоғамдастығы тарапынан толық қолдау тауып отыр.

Баламалы энергия көздерін алу технологиясы соңғы 10 жылда бірқатар тәжірибеден өтті, ал кейбіреулері коммерциялық деңгейге көтеріліп кең ауқымды энергетикалық рынокқа шығуға дайын. Бүл ең алдымен күн сәулесін пайдаланатын электр станцияларын жасауға қатысты, олар алыс аудандарда электр энергиясын өндіруде бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.

Электр энергиясын өндіруде белгілі бір үлесті жел энергиясы, геотермалды сулар мен биомассалар бере алады, Алайда соңғыларды кең ауқымды энергетикалық рынокқа шығару үшін осы саладағы ҒЗТКЖ жетістіктерін тәжірибеде қолданып, баламалы энергия көздерін рынокқа шығарудағы кедергілерді жою керек, ал ҒЗТКЖ күшін осы саладағы жаңа технологиялардың толық қуатын алуға бағыттау керек.

Соғыстан кейінгі кезеңдерде шикізат тауарларының халықаралық саудасын дамытуда бірқатар маңызды үдерістер анық байқалады, олар әлемдік экспорттың тауар құрылымындағы бірқатар өзгерістерді қамтиды. Ең алдымен, жартылай өңделген өнімдерді сатудың өсуі байқалуда, олар минералдық және өсімдік шикізаты негізінде дайындалған, бұның өзі халықаралық саудаға тигізетін ҒТП-ның әсерінен болып табылады.

Дайын бүйымдар мен жартылай өңделген өнімдер экспортын едәуір дамыту әлемдік экспорттағы шикізат тауарларының үлес салмағының күрт азаюының себебі болып тұр. 2007-2009 жылдардағы олардың үлесі 42-ден 24%-ға дейін түсіп кетті.

Сонымен қатар, 2008-2009-жылдары энергия жинағыш технологияны ендіру әсерінен, экономикада құрылымдық алға басушылықты жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде ұзақ уақыт бойына мұнай бағасының жоғары деңгейде болуы мұнайды түтынудың төмендеуіне алып келді.

Соңғы жылдары табиғи газдың халықаралық саудасы тез дамуда. Рыноктағы мұнай мен басқа да энергия тасымалдаушыларға деген сұраныс пен ұсыныстардың болашақта дамуына бірқатар болжамдар жасалынған, ЖҰӨ-нің жылдық орта қарқынының күтілген 2,7%-дық өсімінде 2015 жылға дейінгі кезеңде алғашқы энергияны әлемдік тұтыну жылына 1,3%-ға өседі, соған орай энергия ресурстарын пайдалану дамушы елдерде әлдеқайда жоғарылай түседі. Болжау жасалған кезеңде көмірді пайдалану экологиялық себептерге байланысты тежеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *