Табиғи орта адамзатқа мекен және қызмет етуге жағдайлар жасайды. Адамзаттың шаруашылық қызметінің дамуы адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартады, бірақ табиғи, энергетикалық, материалдық ресурстар шығынының өсуін қажет етеді. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс барысында түзілетін қалдықтар өндірістің өзімен қоса нообиогеоценозға да әсер етеді және ластану мен бұзылуға алып келеді, ол өсіп келе жатқан халықтың өмір сүру деңгейін күрт нашарлатады.

Экологиялық мәселелерді экологиялық саясат жүргізу арқылы шешуге болады. Ол көптеген бағыттар мен аспектілерден тұрады, соның бірі «экологиялық тәуекелдік тұжырымдамасын» қолдану болып табылады, оның мәні — кез келген шаруашылық қызметтің барысында экологиялық жагдайға зиянын тигізу мүмкіндігін жол берілетін шекке жеткізу.

Бұл жерде қоршаған ортаға келетін зиянның тәуекел деңгейі негіз болып отыр. Қоршаған ортаға әсерін бағалауда гигиеналық нормаларды қолдану негізі болып табылатын экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының аналогы — экологиялық тәуекелдік тұжырымдамасы болуы қажет. Оған сәйкес, табиғатты қорғау жағынан қабылданатын ұтымды шешімдер экожүйе объектісіне кері әсерін минимумға әкелетін экономикалық және әлеуметтік негізді білдіреді. Экологиялық тэуекел тұжырымдамасына сәйкес, қоршаған орта мен адамның тіршілігіне кері әсер ететін бірқатар факторлардың анықталуы қарастырылуда. Осының негізінде қызметтің бірнеше баламалы нұсқалары жасалып, ең тиімдісі таңдалуда.

Мысалы, АҚШ-та Табиғатты қорғау агенттігінің сарапшылар тобы құрастырған және қолданып келе жатқан «экологиялық тәуекелдер жүйесі» бойынша олар экологиялық мэселелерді қауіптілік деңгейіне байланысты топтарға бөлді.

Жоғары (орташа) жалпы тэуекелдер осы жүйе бойынша озон қабатының жүқаруы, азық-түліктің ластанып, гидросфераға түсуіне алып келетін ауаның дэстүрлі компоненттермен ластануына байланысты болып келеді.

Кіші (орташа) жалпы тәуекел зиянды қалдықтарды тастаумен, қалдықтарды жер астына көмудің нәтижесінде жерасты сулары және топырақтың ластануымен байланысты. Жоғары медициналық (кіші экологиялық және экономикалық) тәуекел бөлменің бүлінген ауасы мен азық-түліктің, ауыз судың, тұтыну тауарларының ластануына байланысты болып келеді.

Кіші медициналық (жоғары экологиялық жэне экономикалық) тәуекел климаттың жылынуы және су акваториясының ластануымен шартталады. Тәуекелді басқару экологиялық дамудың қауіпсіздік стратегиясымнен байланысты. Оны практикаға енгізу үшін білім және мәдениет жоғары деңгейде болуы қажет.

Экологиялық қауіптің мүмкіндігін бағалау өнеркәсіптік қалдықтар сақтайтын орындар, жанғыш және жарылғыш жүктерді тасымалдаушы химиялық және металлургиялық кәсіпорындар үшін қажет болып табылады. Тәуекелді бағалаудың нормативтік әдістері өндірістік технология және энергиямен қамтамасыз етуде, тасымалдау түрін таңдауда, жобалау мен құрылыс жүргізгенде қажет болып саналады. Экологиялық тәуекел тұжырымдамасы шеңберінде, қауіпті химиялық, радиоактивтік немесе биологиялық зиянды заттардың таралуына алып келетін өнеркәсіптік апаттар болған жағдайда экологиялық қауіптілік деңгейін ескеруі қажет.

Апаттың тәуекелін үнемі багалап отыру керек, себебі ол жобаланған параметрлерден ғана емес, ағымдагы жағдайдың, басқарушылық шешімдерге үдерістердің параметрі, құрал-жабдықтың жағдайы және персоналдың дайындығы сыртқы жағдайлармен де байланысты болады. Тәуекелді үнемі қадағалап және бақылап отыру арқылы ғана апаттың алдын алуға болады.

Кәсіпорындардың әр түрлі болуы тәуекелді багалаудың мүмкіндігін қиындатады. Апат болу тәуекелін бағалау негізіне жергілікті қауіпті екі топқа бөлу де жатады. Тәуекелді бағалаудың бірінші тобы технологиялық режим үдерістің параметрлері мәнінің интервалын ескере отырып қалыптасады: жылдамдыгы, қысымы, температура, тербеліс, өнімнің салмағы жэне т.б. Тэуекелді багалаудың екінші тобы технологиялық үдерістің бірнеше параметрлерінің комбинациясына байланысты жагдай бойынша қалыптасады. Жагдайлардың саны, имитациясын зерттеу деп аталатын осы жагдайларды модельдеу негізінде анықталады. Тәуекелді багалауды жергілікті зерттеудің негізінде кешенді багалау жүргізіледі.

Өндірістің қазіргі заманғы техникамен жабдықталуы адамзаттың жалпы мәдени дамуының одан артта қалуын өсірді, ол тәуекел мен адамдардың қоғамдық қауіпсіздік пен табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге дайындығының арасындағы алшақтықты көрсетті. Адамның табиғаттағы үлкен масштабты үдерістерге ретсіз әсерлері ғаламдық апатқа алып келуі мүмкін.

Мысалы, Уиндскейлдегі (Ұлыбритания) АЭС апатында 13 адам қаза тапты, радиоактивтік заттармен 50 мың шаршы км жер уланды, Чернобыль АЭС апатында 30 адам қаза тауып, 1.15 мың адам басқа жаққа көшірілді, 17 млн адам радиоактивтік заттармен уланған зонаға түсті. Мұнай өңдеуші өнеркәсіпте жыл сайын адамдардың өмірін алып кететін әрі планетарлық және ғаламдық масштабта зиян алып келетін 60-қа жуық апат болады.

Тәуекелді басқару экологиялық дамудың қауіпсіздік стратегиясымен байланысты. Оны практикаға енгізу үшін, ведомстволық қызығушылыққа қарсы тұра білетін білім және мәдениеттің деңгейі жоғары болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., Өнеркісіп экологиясы – Алматы: Экономика, 2011. -262 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *