Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы туралы ілімнің қалыптасуы мен дамуы кен кәсібінің пайда болуымен және кен ісінің әрі қарай жетілуімен тығыз байланысты. Кен өнеркәсібінің әр түрлі салаларының дамуы пайдалы қазбаларды анықтауға негізделіп, оларды танып білуге жол ашқан. Бұл саладағы білімнің жинақталуы біртіндеп пайдалы қазба кенорындары туралы ілімнің, кенорындарды іздеу мен барлау әдістерінің қалыптасуына әкелді.

Адамзат көне замандардан бері түрмыс мақсатында әр түрлі минералдар мен таужыныстарды пайдаланып келеді. Алғашқы адамдар әр түрлі бейметалл пайдалы қазбаларды — шақпақтас, кварц, мүйізтас, кварцит, әктас, құмтас, саз бен тастұзды қолданған. Мәселен, қазақ даласында алғашқы тас құралдар осыдан 2 млн. жылдан астам уақыт бұрын Үлкен Қаратау жотасының Арыстанды өзені аңғарында табылған. Бұл құралдарды ең алғашқы қара-пайым адамдар шақпақтас тасмалталарын жартылай өңдеп жасаған. Кіші Қаратау жотасының солтүстігіндегі қырқалы жазықтан табылған Бөріқазған, Тәңірқазған, Ақкөл, Кемер, Кәкіш, Қазанғап басқа ежелгі адамдар тұрақтарынан табылған шақпақтастан өңделіп жасалған құралдар осыдан 1 млн. жылдай бұрын жасалған. Бұл тас құралдар — қазақ даласын мекендеген ең алғашқы адамдардың мәдени ескерткіштері. Осы мәдени ескерткіштер негізінде қазақ даласы ғаламшарымыздағы алғашқы адам пайда болған аймақтардың бірі саналады. Бастапқы палеолит заманынан неолитке дейінгі адамдар пайдаланған тастан жасалған еңбек құралдары Қазақстанның барлық аудандарында табылған.

Адамдар біртіндеп металдарды игеріп, олардан өздерінің тұрмысына қажет құралдарды жасаған. Академик Әлкей Марғұланның археологиялық зерттеулері Жезқазған кенорнында алғашқы мыс құралдар осыдан 3-4 мың жылдай бұрын жасалғанын көрсетті. Мыстан кейін қола қорытып, одан әр түрлі құралдар жасау қолға алынған. Алғашқы кеншілер осыдан 2-3 мың жыл бұрын Жезқазғаннан басқа Шатырқұл, Жайсан (Кендіктаста), Тұйық (Кегенде), Кенді Алтай, Орта Азия түсті металл кенорындарында кен өндіріп, қола қорытқан. Осыдан 2,5 мың жылдай бүрын темірді қолдану адамдар өміріне айтарлықтай мәдени өзгеріс әкелді, осы кезден мәдени өмірдің жаңа сатысы — темір ғасыры басталды. Қазақ даласында алғашқы темір кені өндірілген кеніш Абайыл кенорнында (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында) табылған. Осы ашық кеніштен өндірілген оңай балқитын қошқыл теміртастан құрыш қорытылып, ең сапалы еңбек құралдары мен қару-жарақ жасалған.

Асыл металдар, мұнай мен көмір де ежелден пайдаланылып келеді. Алтынды қолдану тарихы 14 мың жылдай уақытты қамтиды, яғни металдардың ішінде адам тұрмысында алғаш сомтума алтын қолданылған. Бірақ оның жұмсақ және ауыр болуына байланысты еңбек құралдары ретінде пайдаланылуы шектеліп, әшекей және зергерлік бұйымдық мәні ғана сақталған. Мұнайдың пайдаланылуы қолағасырынан бері белгілі. Алтын, күміс, әсемтастардан жасалған мыңдаған бүйымдар, ыдыс пен басқа да түрмыстық заттар Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» сүйегімен бірге қазып алынған, осыдан 2200 жылдай бұрын жасалған бұл бұйымдар — біздің аталарымыздың жоғары мәдениеттілігін көрсететін құнды жәдігерлер.

Сонымен, қазақ даласында кен өндіру ісі осыдан 3-4 мың жыл бұрын басталған. Бұл замандарда кенорындардың жер бетіне шыққан жоғарғы бөліктері ғана игеріліп, кен өндіру ашық тәсілмен жүргізілген. Осыған байланысты пайдалы қазбалар туралы білімнің даму деңгейі төмен болған. Дегенмен, ортағасырлық заманның басында кенорындар туралы алғашқы мәліметтер ибн Сина, әл-Би-руни және басқа ғалымдардың еңбегінде жинақталып, жазыла бастаған.

Кенорындар туралы біршама толық мәліметтер орта ғасырларда жиналған. Осы кезден бастап жекелеген ұсақ кен өндіруді біршама ірі кен өндіретін тұрақты кеніштер алмастырады. Кен өндіріп, металл қорыту жұмыстары Батыс және Орталық Еуропада, кейінірек — Оралда, Алтай мен Сібірде қарыштап дами бастады. Кенорындар мен кен ісі туралы алғашқы ірі ғылыми қорытындылаулар Агрикола (Георг Бауэр) мен Рене Декарт еңбектерінде келтіріледі.

Мәскеуде 1584 жылы «Тас өндіру ісі туралы» арнайы патша жарлығы шығады. Бұл жарлық салына бастаған жаңа қаланы табиғи құрылыс материалымен қамтамасыз етуді көздегендіктен, металл және бейметалл шикізаттардың көптеген ірі кенорындарын ашуға жағдай жасаған. I Петр патшалық еткен жылдары (XVII ғ. соңы мен 1727 ж.) кен ісі қарыштай дамып, кенорындарды іздеу мен барлау жүмыстарын арнайы жүргізу мақсатында «Кен қазу істері туралы» жарлық шыққан. Бұл жарлық негізінде 1717 жылы Берг Коллегия дүниеге келген. Осының негізінде Ресей осы жылдары темір, мыс, қорғасын, тастұз өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шығып, айналасына үстемдік ете бастаған. Ал 1724 жылы Ресейде Ғылым академиясы үйымдастырылды.

Пайдалы қазба кенорындары туралы ғылымның негізін жасауда М. В. Ломоносов (1711-1765) айрықша рөл атқарды. Ол озінің «Жер қабаттары туралы», «Жердің сілкінуінен металдардың тууы туралы сөз», «Металлургия немесе кен істерінің алғашқы негіздері» атты еңбектерінде кен минералдары жаралуының теориясын баяндаған, кенорындардың тектоникамен байланысын көрсеткен, тотыққан кенді кенорындарды іздеуге пайдаланудың мәнін дұрыс бағалап, кенорындардың жіктелімін жасаған. М.В.Ломоносовтың көмір, мұнай, асфальт, битумды тақтатас пен янтарь органикалық заттардан жаралған деген пікірі принциптік түрғыдан дүрыс болып шықты.

Ресейде М.В.Ломоносовтан кейін И.И.Лепехин, М.Е.Головин, Н.Я.Озерцовский, Н.П.Рычков, П.С.Палас, Г.К. Разумовский, олардан кейін В.М. Севергин, Д.И. Соколов, Г.И. Щуровский, т.б. ғалымдар зерттеулерінің мәні үлкен болды. Кен ведомствосы ашылып, оның басшылығымен геологиялық жұмыстар кең қанат жайды. Жекелеген аудандардың алғанщы геологиялың картасы жасалды. 1773 жылы Санкт-Петербургте Кен училищесі (кейін Кен институты, 1991 жылдан Кен университеті) ашылып, ол көптеген әйгілі ғалымдар мен кен инженерлерін даярлап шығарды. Бұл оқу орны геологиялың ғылымдар мен кен өнеркәсібінің дамуына айрықша үлес қосты. Ал 1825 жылы «Кен» журналы шыға бастады.

Батыс Еуропа мен АҚШ-та кен өнеркәсібінің жылдам дамуына байланысты, ХVIII-ХІХ ғ.ғ. геология мен кенорындардың жаралу жағдайына арналған көптеген ғылыми жүмыстар жарық көрді. Геологияның дамуына А. Вернер, Д. Геттон, олардан кейін Э. де Бомон, Б. Котта, К.Г.Бишоф пен басқалардың еңбегі едәуір ықпал жасады.

Ресейде XIX ғасырдың соңында капитализмнің дамуы геологиялың зерттеу жүмыстарын да жандандырды. Осыған байланысты Орал, Алтай, Сібірмен қатар Қазақстан мен Кавказды зерттеу де ңолға алынып, бұл аймақтарға арнайы мамандар жіберілді. 1892 жылы құрылған Геологиялық комитет (Геолком) әр түрлі аудандарда кең ауқымды жүйелі геологиялың зерттеу жұмыстары мен жаңа кенорындар іздеуді ұйымдастырады. Геолком алғашқы жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінің 10-шаңырымдық (версталың) геологиялың картасын жасады. 1890-жылдары Донецк алабында, Кривой Рог темірлі ауданында, Оралдың темір-алтын кенді аудандарында геологиялың түсіру жұмыстарын жүргізді. Сібір теміржол трассасы бойында Сібірдің бірқатар алтынды аудандарында геологиялың зерттеулер басталды. Жезқазған мыс кенорны, Қарағанды мен Екібастұз тас көмір алаптары, Спасск, Успен мен Кенді Алтай түсті металдар кенорындары тіркеліп, өндіріс жұмыстары ңолға алынды. 1901 жылы Геолком Кавказдың мұнайлы аудандарын зерттеуге кірісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *