Әлемдік мұхит Жердің барлық теңіздері мен мұхиттарының жиынтығы бола отырып, планета тіршілігіне үлкен әсер етеді. Мұхит суларының орасан көлемі планета климатын құрайды, атмосфералық жауын-шашындардың көзі болып табылады. Одан оттегінің жартысынан көбі түседі және ол атмосферадағы көмірқышқылды реттейді, өйткені оның артығын сіңіруге қабілетті. Әлемдік мұхит түбінде минералдық және табиғи заттардың орасан көлемінің жиналуы мен түрленуі орын алады, сондықтан да мұхиттар мен теңіздерде жүретін геологиялық геохимиялық үдерістер барша жер қабығының барлығына өте үлкен әсерін тигізеді. Қазір онда планетаның барлық тірі ағзаларының шамамен бестен төрт бөлігі тіршілік етеді. Мұхитты сулар жер шарының 3/4 бөлігін, гидросфераның 97% құрайды.

Мұхит қойнауы, оның түбі пайдалы қазбалардың қорларына бай. Континенталдық қайраңда жағалауды бойлай алтын, платина аралас кен орындары орналасқан; лағыл, алмас, жақұт, меруерт секілді асыл тастар да кездеседі. Мұнай мен газдың теңізден өндірілуі үлесі бұл энергия көздерінің әлемдік өндірісінің 1/3-не жақындап келеді. Кен орындарының аса үлкен ауқымдағы зерттеулері Парсы, Венесуэла, Мексика шығанақтарында жүріп жатыр; мұнай платформалары Калифорния, Индонезия, Орта жэне Каспий теңіздерінің жағалауларына дейін созылып жатыр. Әлемдік мұхиттың басты байлығы — оның биологиялық ресурстары (балықтар, зоопланктон, фитопланктон және басқалары). Мұхиттың биожиыны жануарлардың 150 мың түрін және балдырлардың 10 мың түрін қамтиды, ал оның жалпы көлемі 35 миллиард тоннаға бағаланады, ол 30 миллиард адамды тамақтандыруға жетеді. Адам әлемдік мұхитты: теңіз тасымалдары үшін орта; азық-түлік ресурстарының көзі; минералдық ресурстар көзі; рекреациялық ресурстар көзі; геосаясатты фактор; қауіпті қалдықтарды жерлеу орны түрінде пайдаланады.

Қазір аса үлкен қиындықты мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы тудырып отыр. Мұхиттың көп бөлігінің мұнаймен ластануы теңіз көлігі мен қалалық аумақтардан мұнайдың ағызылуынан болады. Ағзаға түскен кезде теңіз мекендеушілеріне улы әсерін тигізетін мұнайдың еритін құраушылары өте қауіпті. Бұл -мұнайдың құрамында бар күкірт, азот, ауыр металдар қосындылары. Мұнайдың төгілуінің ауыр зардаптары — мұнай қабыршағының пайда болуы: яғни газ алмасу бұзылады, суға жарықтың түсуі нашарлайды, фотосинтездің тоқтауы нәтижесінде фитопланктон құриды. Фитопланктонның және одан кейін зоопланктонның құруы мұнай төгілген жерде мұхиттың азық тізбегінің толық құруына алып келеді, онда балық жоғалады. Мұнайдың ауыр құрамдас бөлшектері (мазут) түбіне шөгеді, бұл бентостың құруына алып келеді. Осыдан кейін мұхитасты қоғамдастықтарының қалпына келуі ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Әлемдік мұхиттың пестицидтармен ластануы. Ең көрнекті мысал ДДТ бола алады, ол бұрында көптеген зиянкестерге қарсы жаппай пайдаланылған, ал содан кейін егістіктерден өзендердің және жаңбырлардың ағындарымен мұхитқа түскен. Химия өнеркәсібі қалдықтарымен (фтор, хлор, радонид, синтетикалық қарамай өндірісінің қалдықтары) ластау, негізінен, атмосфера мен өзенді ағындар арқылы болады. Мұхиттың қышқыл және негізгі өнеркәсіптік ағындармен, қышқылды жаңбырлармен ластануы судың рН-на жергілікті әсерін тигізе алады.

Мұхит үшін радиоактивті ластану аса қауіпті. Оның негізгі көзі -өнеркәсіптік қалдықтармен қатар, радионуклеидтердің шығындысы және ядролық қарудың сынақтары. Үлкен қауіпті әртүрлі элементтердің ұзақ өмір сүретін изотоптары тудырады. Стронцийдің радиоактивті изотоптары ұзақ өмір сүреді және барлық мұхит бойынша кеңінен таралады. Стронций сүйектегі кальцийді алмастыра алады, бұл рак ауруларына алып келеді. Белгілі бір әлеуетті қауіп-қатерді теңіз жағалауындағы сейсмикалық қауіпті аймақтардағы атом-электр станцияларының құрылысы тудырады: мұндай нысандардағы апаттар мен төтенше жағдайлар зардаптары тым қауіпті болуы мүмкін. Мысалы, 2011 жылы болған Жапониядағы Фукусима АЭС-гі апат. Мұхитты зерттеудің қазіргі замандағы маңызды міндеттерінің бірі — мұхитта болып жатқан үдерістерді зерттеу және экологиялық дағдарыстың алдын алу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *