Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.

Адамдар тұрақты түрде өз биологиялық қажеттіліктерінен тыс өздері үшін өз қарекеттерінде жаңа мақсаттар жасайды, бірақ биологиялық жан иесі болып қала береді. Сол себептен, оның өмір қарекеттерінің мақсаттары бір жағынан биологиялық, екінші жағынан биологиялықтан тыс сипатқа ие болады. Ғылымда бұл мақсаттардың екі түрін материалдық және рухани деп бөлу қабылданған. Осы мақсаттарға сәйкес адамдар мәдениеттің материалдық және рухани құндылықтар түрлерін жасайды, нәтижесінде мәдениеттің материалдық және рухани өрістері пайда болады.

Әдетте материалдық мәдениетке адамның материалдық-өндірістік қарекетін жатқызады және оның нәтижелерін — еңбек құрал-саймандарын, мекен-жайын, күнделікті тұрмыс заттарын, киімді, транспорттық құралдарын, практикалық қызмет тәсілдерін, өндіріс және тұтыну құралдарын және т. б. Рухани мәдениет рухани өндірістің өрістерін (идеялар өндірісі,  білімдер, рухани кұндылықтар) және олардың ғылымда, философияда, дінде, өнерде, адамгершілікте және т. б. іске асырылған нәтижелерін қамтиды.

Материалдық мәдениеттің өмір сүруінің негізі адамның материалдық-жасампаздық қарекетінің нәтижесі болып келеді. Кез-келген зат екі жақты сипатта, өйткені бір уақытта екі әлемге — табиғи және мәдени әлемдерге жатады. Негізінде заттар табиғи материалдардан шығарылады, ал мәдениеттің бөлігі болып олар адамдардың өңдеуінен кейін саналады. Нақ дәл осылай біздің алғашқы аталарымыз әлдеқашан тасты — кескішке, таяқты — найзаға, өлтірген аңның терісін киімге айналдыра алды.

Пайдалы заттар — мәдениеттегі заттар болмысының бастапқы түрі деп айтуға болады. Бірақ мынаны ұмытуға болмайды, заттардың қолдануға пайдалылығынан басқа о бастан заттар әлеуметтік маңызды ақпаратты, белгілерді және символдарды алып жүрушілер, олар адамдар әлемін рух дүниесімен байланыстырып отырады. Ұжым тірі қалуы үшін заттар қажетті ақпаратты сақтаушы мәтін тектес болды. Бұл әсіресе өзінің біртұтастығымен — барлық әлементтерінің бөлінбейтіндігімен сипатталатын алғашқы қауымдық мәдениеттерге тән болды. Сол себептен олардың практикалық пайдалығымен қатар заттарды магикалық ырымдар мен дәстүрлерде қолдануға мүмкіндік беретін символикалық пайдалығы бар, сонымен қатар оларға қосымша эстетикалық қасиеттер де бере алады.

Бірте-бірте мыңдаған жылдар бойы заттардың әр түрлі құнды қасиеттері оқшаулана бастады, өз кезегінде ол заттардың екі топқа бөлінуіне — пайдалылық, таза материалдық және салт-жоралар мақсаттарында қолданылатын заттық-белгілерді әкелді. Олардың арасында жалаулар, мемлекеттік елтаңбалар, ордендер және т. б. Әйткенмен де, — бұл топтардың арасында ешуақытта бір-біріне өту бөгеттері болмады, заттарды өздерінің тікелей мақсаттылығымен ғана байланысты қолданылып қойылған жоқ. Мысалы, шіркеулерде осылай шоқыну ырымына арналған арнайы купельдерді қолданады, бірақ қажетті жағдайларда оның мөлшеріне сәйкес кез-келген лайықты ыдыспен ауыстыра салуға болатын болған. Яғни, кез-келген зат өзінің мәдениеттік мәтінімен байланысты болса да белгілі функциясын сақтай алады.

Уақыт өте заттардың эстетикалық құндылығы үлкен маңыздылыққа ие бола бастады, сол себептен сұлулықты ұзақ уақыттар бойы ең маңызды сипаттардың бірі деп есептелінді. Бірақ өнеркәсіптік қоғамда сұлулық және пайдалылық бір бірінен бөлектене бастады. Сондықтан көптеген пайдалы, бірақ әдемі емес заттар, енді бір жағынан, иелерінің байлығын көрсететін өте әдемі қымбат ұсақ-түйек әшекейлер көріне бастады. Осы жағдайлардан шығу мақсатында XX ғ. қазіргі заман өнімдерінің сапалығын, заттардың технологиялық, экономикалық, эргономикалық және эстетикалық сапасын арттыруға бағытталған дизайн, көркем жобалаушы салалары пайда бола бастады. Сонымен, материалдық заттар рухани мәнді ұстанушылар бола алады, өйткені онда нақты дәуірдің адамдық заманауи бейнесі, мәдениеті, әлеуметтік жайлары және т. б. сақталады.

Заттар өзінің жиынтықтарында материалдық мәдениеттің күрделі және тармақты құрылымын жасайды. Онда бірнеше өте маңызды аймақтарды ерекшелеуге болады. Бірінші — бұл ауыл шаруашылығындағы өзіне селекцияның нәтижесінде шығарылған өсімдіктердің сорттарын және малдың асыл тұқымдарын, сонымен қатар, өңделген топырақтарды қамтиды. Материалдық мәдениеттің бұл аймақтары адамның тірі қалуымен тікелей байланысты, өйткені олар тамақ өнімдерін береді, сонымен қатар өнеркәсіптік өндіріске шикізат дайындауға арналған. Сол себептен адамдар тұрақты түрде өсімдіктердің өнімді түрлерін және малдың түрлерін көбейтіп және сақтаудың жолдарын ұқыпты түрде жаңалап отырады.

Материалдық мәдениеттің келесі аймағы адамдардың мекендейтін әр түрлі ғимараттар және құрылыс обьектілері. Адам оларды өз функцияларын орындай алу үшін әр уақытта ұқыптап, тұрақты түрде ретке келтіріп отыру керек.

Материалдық мәдениеттің тағы бір аймағына, адамдардың физикалық және ой еңбегінің барлық түрлерін қамтамасыз етуге арналған — аспаптар, қондырғылар және жабдықтар жатады.

Көлік және жол қатынастары да материалдық мәдениеттің бір бөлігіне жатады. Бұлар арнайы жұмыстарды ойдағыдай жүргізуге арналған арнайы жабдықталған жолдар, көпірлер, үйінділер, әуежайлардағы ұшатын жолақтар; ғимараттар және теміржол бекеттері, әуежайлар, порттар; барлық көліктердің түрлері — автомобильдер, темір жолдар, су құбырлары.

Сонымен қатар, материалдық мәдениеттің міндетті элементіне технологиялар — барлық айтылған салаларға қажетті білімдер және дағдылар жатады. Технологияларды одан ары қарай толық жетілдіру ғана емес, сонымен қатар олардың сақталуы және келесі ұрпақтарға тапсыру білім жүйесін дамытуды қажет етеді. Ал бұның өзі материалдық және рухани мәдениеттердің өте тығыз байланыстылығын көрсетеді.

Мәдениеттің материалдық және рухани өрістері. Жалпы тұрғыда рухани мәдениет әрқашанда материалдықпен тығыз байланысты болады, Өйткені материалдық мәдениет әрқашанда рухани мәдениеттің белгілі бір бөлігінің іске асуы болады. Бірақ, рухани мәдениет те заттылыққа ауысып материалданған жағдайда ғана бар бола алады. Бұны әсіресе рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналатын өнер туындылырынан байқауға болады. Өйткені кез-келген кітап, сурет, музыкалық композиция, және одан да басқа өнер туындылары материалдық негізге — қағазға, кенепке, бояуларға,музыкалық аспаптарға және т. б. мұқтаж болады.

Тіптен кей жағдайда құбылыстар мен заттардың мәдениеттің ма-териалдық немесе рухани жақтарының қайсысына жататындығының өзі айқын болмай түсінуге өте күрделі болып келеді. Мысалы, кітап, даусыз рухани мәдениеттің заты, бірақ оны отынның орнына ошақта жағу үшін де қолдануға болады. Олай болса, мәдениеттің заттары өздеріне белгіленгендерді алмастыра алады. Демек, материалдық және рухани мәдениеттерді ажырата алу үшін белгілі бір шама, өлшемдер енгізілуі тиісті. Бұл жағдайда заттың мәндік және белгіленуін қолдануға болады — егер зат немесе құбылыс адамның алғашқы (биологиялық) қажеттіліктерін қанағаттандырса онда оны материалдық мәдениетке жатқызуға болады, егер ол екінші қажеттіліктерді қанағаттандырса және адамның қабілеттілігін дамытумен байланысты болса, онда ол рухани мәдениетке жатады.

Сонымен қатар, материалдық және рухани мәдениеттің арасында өтпелі түрлер бар. Бұл белгілер туралы, өздерінің көрністерінен тіптен басқаша бола тұрып, нақты мазмұны рухани мәдениетке жатпайды. Сондай белгілердің бір түріне ақша белгісі жатады, сонымен қатар адамдар қолданылатын қызметтерді белгілеуге арналған әр түрлі талондар, жетондар, квитанциялар және басқалар. Мысалы, ақшалар — тауарларды айырбастау кезінде жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ерекше тауар, біз оларды тағамдарды немесе киімді (заттық мәдениет), сатып алуға жұмсай аламыз, ал оларға театрға билет немесе мұражай сатып алуға (рухани мәдениет) болады. Басқаша айтқанда, қазіргі заман қоғамында ақшалар материалдық және рухани мәдениеттің арасында жүретін әмбебаб делдал болып келеді. Бірақ осының өзінде қауіп-қатерлік жасырылған, өйткені олар бұларды өзіндік ерекшеліктерінен айырып теңестіріп жібереді, әсіресе рухани мәдениетті.

Әлеуметтік мәдениет немесе әлеуметтік ұжымдық және реттеушілік мәдениет өзін әлеуметтік-мәдениеттің процесінде және әлеуметтік қатынастарда, қоғамдық құрылымда, шаруашылық бітімінде, саяси билікті ұйымдастыру және іске асыруда, құқықтық нормалардың жиынтығында көрсетеді. Әлеуметтік мэдениет басқарудың тұжырымдарын, басшының бейнесін және стратегияны қалыптастыруға және т.б. жасауға әкеледі. Әлеуметтік мәдениетке саяси, құқықтық мәдениет жатады.

Әлеуметтік коммуникациялық мәдениет, қордалану, сақтау және ақпаратты трансляциялау (тұлғааралық байланыстар және ұрпақаралық тәжірибені трансляциялау, БАҚ мәдениеті, ақпараттық-кумулятивті мәдениет, мәдениеттілі жете білушілік) және мәдени мұраның белгілерін дәстүр деп атайды.

Дәстүрлер тұрақты тұрмыстық ортада, инертті әлеуметтік топтарда, қарапайым этнографиялық қоғамда орын алғанымен, ол жоғары сатыдағы елдерде де кездеседі. Әлеуметтік жағынан танылған үлгілер дәстүрлер болып қалыптасады, ал қордаланған тәжірибелер ұрпақтан ұрпаққа, тұлғадан тұлғаға сабақтасып жатады.

Дәстүрлерге: дәстүрлі еңбек тәжірибелерін, тәртіптің түрлерін, өмір салттарын, тәрбие барысын, күнделікті қалыптасқан тазалық ережелерін, тамақтану уақыттарын, ұйқыны т.б. жатқызуға болады. Тамақтану адамның тек қана ағза қажеттілігінен тумайды. Мысалы, Россияда жылқы етін, Үндістанда сиыр етін, ал мұсылмандарға шошқа етін жеуге болмайды.

Әртүрлі елдердің әртүрлі тағамды қабылдауы олардың нәрлігіне емес, керісінше, қалыптасқан дәстүрлерге байланысты. Үйге кіргенде еуропалық адам ен алдымен бас киімін шепіеді, ал шығыста аяқ киімін шешу есіне түседі. Дәстүрлері осылай қалыптасқандықтан оларды нақты жағдайлармен түсіндіруге болмайды.

Дәстүрлерді жалпылама мойындау және бекіту көптеген әдет-ғұрыптардың, дағдылардың өкімділігінің нәтижесі. Олардың көптеген бөлігі егжей-тегжейлі түсіндірілмейді. Әрі десе сол ұжымдық мүшелерінің мойындамауы да мүмкін. Ал, «Сіз неге бұлай істедіңіз?» — деген сұракқа, «Осылай қабылдаған» — деп, жауап береді.

Формалданған дәстүрдің белгілі бір орында, белгілі бір уақытта арнайы себеппен жасалынуы әдет-ғұрып деп аталынады. Қоғамда жоғарғы статусы бар, көпшілік алдыңда орындалатын, қарапайым дәстүрге қарағанда, адам әдет-ғұрыпты еркін таңдай алмайды. Әр қоғамда жеке адамды (ат қою, шоқындыру, сүндетке отырғызу, төл құжат беру т.б.) немесе жасы үлкенкіші топтарға бөлу (туған күндер мен мерей тойлар, жерлеу рәсімдері және т.б), сияқты арнайы әдет-ғұрып, салттары бар. Қоғамдық біртұтастықты еске түсіретін мемлекеттік, қоғамдық, ұжымдық мерей тойларда, естелік күндерде, қаралы күндерде көрсетілетін дәстүрлер бар. Дәстүр ескі мен жаңаның сабақтастығын айғақтайды, оның қоғамда қабылдану орнын бекітеді. Мысалы, ел басын бекіту, таққа отырғызу, ел басының ант беруі т.б.

Дәстүрлер, кейбір жағдайларда әдет-құлқында еліктегіш дағдыларды еске түсіретін әдет-ғұрыпқа қарағанда бірқатар ауқымды құбылыстарды қамтиды. Бір үйге кіргенде, үй иесінің нан ауыз тигізуі әдет-ғұрып болады, ал, қонақ күту, оны ынта-ілтипатпен қарсы алу, демалдыру — мұны дәстүрге жатқызуға болады. Бірақ әдет-ғұрып дәстүрден бөлек, дербес бола алмайды, қайта ол сол дәстүрдің бір түрі, оның болу тәсілі. Ырым, салт жоралар, әдет-ғұрыптардың өткізілуінің, бекітілуінің жасалу реттілігі. Бұлар негізінен дәстүрлердің бір кезеңдері ғана.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *