Өсімдіктердің атмосферадағы түрліше зиянды газдардың әсерінен залалданбай, тіршілік әрекеттерін қалыпты күйде сақтау қабілеттілігін газға төзімділігі деп атауға болады. Оған қоршаған ортадағы физикалық, химиялық, географиялық және ауа райы жағдайлары үлкен ықпал жасайды. Сонымен бірге өсімдіктердің ерте замандардағы тектерінде газға төзімділікті анықтайтын жүйелер қалыптаспаған. Соған сәйкес қазіргі замандағы өсімдіктердің газдар эсеріне төзімділік механизмдері басқа қолайсыз әсерлерге төзімділік механизмдерімен анықталады деп ұйғаруға болады.

Қазіргі замандағы өсімдіктер элемі атмосферада зиянды газдар аз кезде пайда болды, ал атмосфераның құрамы болса, бұдан 1 млрд жылдай бұрын қалыптасты. Алғашқы жер атмосферасы аммиак, күкіртті сутек, метан, көмір оксиді сияқты газдардан протеэрозой және палеозой эраларындағы газдар эсеріне төзімділік механизмдері қалыптасқан автотрофты өсімдіктер тазартқан болуы мүмкін. Бірақ, атмосферада оттегінің көбейіп, зиянды газдардың біртіндеп азаюына байланысты өсімдіктердің бұл қасиеті де жойылған болуы мүмкін.

Қазіргі заманда адам қоғамының тіршілік әрекеттерінің салдарынан атмосфераның ластану қарқындылығы өсіп, биосфераның өздігінен реттеушілік жүйелерінің ауаны тазарту мүмкіндіктерін жоққа шығаруда. Есептеулерге қарағанда, шамамен, қазір атмосфераға 200-ден артық зиянды қосындылар бөлініп шығады екен. Олардың толып жатқан газ тәріздес — 802, N0, NО2, СО, Ғ, көмірлі сутектер, қышқылдар мен фенол булары, құрым мен күл, шаң-тозаң құрамындағы уытты қорғасын, селен, мырыш, т.б. ауыр металл тотықтары бар.

Атмосфераға бөлінген газдар мен булар өсімдіктердің ұлпаларына устьицалар арқылы оңай сіңіп, клетка қабығы мен мембраналардың өзінде-ақ химиялық өзгерістерге қатысып, тікелей зат алмасу процестеріне ықпалын тигізуі мүмкін. Ал шаң-тозандар болса өсімдік мүшелерінің беттеріне жабысып, устьицаларды бітеп, жапырақтағы газ алмасуды, жарықтың сіңуін, т.б. нашарлатады. Суда еритін газдар өсімдік үлпаларында қышқылға немесе сілтіге айналып, протопластпен эрекеттеседі. Олардың біразы бейтараптанып, біразы сол күйінде қалып қояды. Қышқылдар хлорофиллді ыдыратып, өсімдік үлпаларының рН жэне цитоплазма биоколлоидтарының кұрылысын өзгертеді. Сонымен қатар, олардың әсерінен ферменттік аппарат зақымданып, жапырақ пен өткізгіш шоқтар клеткаларындағы зат алмасу процестері бұзылады, фотосинтез қарқындылығы төмендеп, тыныс алу процесі күшейеді.

Қышқыл газдар, әсіресе, қылқанды ағаштарға көп кесірін тигізеді. Олардың төбелік бүтақтары қурап, діңдерінің жуандап өсуі нашарлайды, қылқандары қысқарып, қурап түсіп қалады. Қышқыл газдардың ұзақ уақыт әсерінен фитоценоздар өзгерістерге ұшырайды. Орманды алқаптар азайып, арам шөпті аймақтар көбейеді.

Газдар әсеріне реакцияларының өзгешелігіне қарап, өсімдіктер газга сезімтал жэне газга төзімді деп бөлінеді. Өсімдіктің сезімталдығы газдардың әсерінен бүлінушілік процестердің жылдамдығы мен деңгейін бейнелейді. Газға төзімділік қасиеті — уытты газдардың енуін реттеу, цитоплазманың буферлігі мен иондар арақатынасын қалпында сақтау, пайда болған уларды залалсыздандыру қабілеттілігімен анықталады. Газдардың сіңуін реттеу, ең алдымен, устьицалардың сезімталдығына байланысты. Кейде газдардың әсерінен (әсіресе 802) газға төзімді өсімдіктердің устьицалары тез жабылып қалады. Уытты газдарға төзімділік клеткадағы катиондардың мөлшері мен қүрамына да байланысты болуы мүмкін. Әдетте, қуаңшылыққа, тұздануға, тағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімді өсімдіктер ортаның газдануына да төзімді болады. Кейбір ғалымдардың (В.С.Николаевский, 1979) көптеген өсімдіктердің газға (802) шыдамдылығын зерттеу нэтижесінде өсімдіктерді — төзімді, орташа төзімді жэне төзімсіз деген топтарға бөлуге болады. Солардың ішінде 802 газына қарағаш, үшқат, үйеңкі, жидек, т.б. ағаш тектестер өте төзімді келеді. Бұлардың хлор, фтор, NО2 газдарына да төзімділігі жоғары. Минералдық қоректену жэне сумен қамтамасыздық деңгейі қалыпты жағдайда болса, өсімдіктердің газға төзімділігі жоғарылау болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *