Бүгінгі күні жаһандық экологиялық саясат жоқ, бірақ жаһандық экологиялық проблемалар айқындалды, соның маңыздыларының бірі — табиғатты тиімді пайдалануға көшу. Адамның табигатпен әрекеті оның өзгеруіне әкелді. Табиғаттағы антропогендік өзгеріс адам үшін оң сипат береді: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп дамиды, қалалар салынып көркейеді, ландшафттар жақсарады.

Бірақ антропогендік әсер қоршаған орта үшін жағымсыз салдар әкеледі. Жағымсыз салдар қоғамның, ғылыми-техникалық прогресс дамуының шарасыз нәтижесі емес. Олар техникалық және экологиялық саясат жасаған, экологиялық білімнің жетіспеуінен, белгілі техникалық және экологиялық шешімдерді бағалай білмеу салдарынан туындайтын қателіктер.

Табиғи ресурсқа тек тұтынушы ретінде ғана қараса, өндіріс қалдықтары мен өндіру барысында қолданылған және түзілген заттармен бақылаусыз биосфераны ластаса антропогендік жүк жылдам өседі және биосфераны қиын жағдайға әкеледі.

1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода қоршаған орта бойынша болған БҰҰ Конференңиясы адамзаттың табиғатпен әрекеті бұрынғы жолмен жүруі мүмкін емес және оның стратегиялық болашағы жоқ, әрі апатқа әкелетінін көрсетті.

Биосфераның барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты, табиғаттың берік тізбегінде бір үзбедегі экологиялық өзгеріс басқа үзбелерде де өзгерістің туындауына әкеледі. Тұтас жүйе ретіндегі биосфера дамуының жалпы заңдылықтарын білмеу, әлеуметтік деңгейде оларды елемеу адамзатты ауыр салдарға әкеледі.

Бірақ салдарды білмеу адамзатты табиғи ортаның шартын бұзу жауапкершілігінен босатпайды. Техногендік қысымның жедел артуы және адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің өсуі қазірдің өзінде экологиялық болжам нақтылығының жылдам артуын қажет етеді.

Табиғатты пайдаланудың тамыры халық мәдениетімен астасып жатыр. Оны реттеу механизмінің көптүрлілігі мен өзгешелігі осыдан. Көптеген халықтар үшін табиғатты пайдалану — дәстүрлі кәсіп, әрі мекен ортасы, табынатын заты, рухани және мәдени қатынас субъектісі. Адамзат дамуының бастапқы фазасында адам қажеттілігі оның физиологиялық мүмкіндігінен аспады, сондықтан қоршаған ортаға айтарлықтай зардап әкелген жоқ: аңшылық, балық аулау, тамаққа және дәрі-дәрмекке қажет өсімдіктер, басқа да «табиғат сыйын» жңнау, құрылыс материалдарын дайындау және т.б. Бірақ жер өңдеудің пайда болуы мен дамуына қарай жағымсыз салдар байқала бастады: ормандардың жойылуы, эрозиялық үдерістер белсенділігінің артуы, кіші өзендер басталуының жұтаңдануы және т.б.

Тауар алмасудың пайда болуы, нарықтық қатынастардың дамуы қоршаған ортаға елеулі соққы берді — адам қажеттілігін табиғаттан өзіне физиологиялық қажеттіліктен жоғары мөлшерде алды. Бүл үдеріс жедел өсе берді, сөйтіп қазіргі планета халқының 20%-ы табиғи ресурстардың 80%-ын қолдануда және олар қалдықтың көп бөлігін түзеді.

Индустрияландыру, химияландыру, жедел жерді өңдеу, гидротехникалық құрылыс, апат тасталымдарымен, соның ішінде озон бұзушы заттармен экологиялық соққы туындатты. Бұның бәрі алғашында тек «жақсы тілектен» туындаған -«қоғам мүшелерінің өсіп келе жатқан қажеттілігін толығымен қанағаттандыру» еді.

Табиғат ресурстарын классификациялау

Табиғат ресурстары деп адамдар қолданатын немесе қолдануға болатын табиғат денелері мен күштерін түсінуге болады. «Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» түсінігіне мыналарды жатқызуға болады: — табиғат ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету; — табиғат экожүйелеріндегі тепе-теңдікті сақтау мақсатында пайдаланылған ресурстарды қалпына келтіру.

«Табиғат ресурстары» түсінігі басқа да өте маңызды «табиғи жағдай» түсінігімен тығыз байланысты. Адамның қоршаған ортамен арақатынасында қандай рөл атқаруына байланысты бір объектінің өзі әрі табиғат жағдайына, әрі табиғат ресурсына жатуы мүмкін. Мысалы, егер жерді өмір кеңістігі деп қарастырсақ, онда ол «табиғат жағдайы» ретінде болады; егер жерді пайдалы қазбалар көзі деп қарастырсақ, онда ол табиғат ресурсы категориясына жатады.

Табиғат ресурстары классификациясының әр түрі бар, бірақ кез келген классификация табиғатты тиімді пайдалану қажеттілігін мойындай отырып құрылуы қажет. Экологиялық, табиғатты қорғау тұрғысынан табиғат ресурстарын таусылмайтын және таусылатын деп болу қабылданған.

Таусылатын табиғат ресурстары орны толатын және орны толмайтын болып бөлінеді. Орны толатындарға жататындар: жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, топырақ құнарлығы. Бұл жағдайда «орны толатын» деген сөз бізді жұбатпауы керек, топырақтың жыртылу қабатының 18 см жуығы тек 7 мың жылдан кейін қолайлы жағдайда ғана қалпына келетіні есте болса жеткілікті. Өсімдіктер мен жануарлардың көп түрінің жоғалуы апат қаупін туындатады. Бұрын да айтылғандай, кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер құрайды, олар Күн энергиясын пайдалана отырып биомасса түзеді. Олай болса, табиғат ресурстарының құндылығы олардың жай қосындылары деп қарастырылмауы керек. Заттар мен энергияның биологиялық айналымы ескерілуі қажет, ал олар экологиялық тепе-теңдікті анықтайды.

Өндіру және қорғау тұрғысынан, кейбір ресурстардың жеке түрлері, шығындану нәтижесінде таяуда орны толмастар қатарына кіруі мүмкін.

Ауыстырылу белгісі бойынша табиғат ресурстарын былай бөлуге болады: — ауыстырылатындар (шикізат, отын); — ауыстырылмайтындар (су, ауа).

Пайдалану белгісі бойыншатабиғат ресурстарын былай бөледі: — өндірістік (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы); — әлеуетті-перспективті; — рекреационды.

Табиғи ресурстарды жасанды жасалған өндіріс құралдарымен ауыстыру дәрежесінің мүмкіндігі, табиғат қорын жасандымен алмастыру негізгі мәселе болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін таусылған ресурстардың орнына қолдана отырып, қандай дәрежеге дейін табиғат ресурстарын жұтаңдата береміз? Мұндай ауыстырылу мүмкіндіктері шексіз емес, экологиялық жүйелердің бірқатар функцияларын тіпті де ауыстыру мүмкін емес.

Осыған байланысты табиғат қапиталының (қорының) аумалы (критический) тұжырымдамасы туындады. Бұл адам өмірі үшін қажет құндылық, оны жасандымен ауыстыру мүмкін емес, олар: ландшафттар, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, озон қабаты, климаттың параметрлері және т.б. Қоршаған ортаның қасиеттері мен эстетикалық сапасы да ауыстыруға келмейді. Экономикалық дамудың кез келген нұсқасында аумалы табиғи капиталды сақтау қажет.

Табиғат капиталының (қорының) басқа бөлігіне жасандымен ауыстырылуына болады. Бұл орны толатын табиғат ресурстарына (мұнайды, газды, көмірді Күн энергиясымен алмастыру және т.б.) қатысты.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., Өнеркісіп экологиясы – Алматы: Экономика, 2011. -262 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *