Экономикалық өсу әлеуетті және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ұлғаюында, ұлттың, елдің, аймақтың экономикалық қуатының өсуінде көрініс табады. Бұл ұлғаюды өзара байланысқан екі: белгілі уақыт кезеңінде нақты ЖҰӨ-нің өсуі немесе ЖҰӨ-нің адам басына шаққандағы өсуі көрсеткішімен өлшеуге болады. Осыған байланысты, экономикалық өсуді бейнелейтін статистикалық көрсеткіш ЖҰӨ-нің проценттік өсуінің жылдық қарқыны болып табылады.

Өсіп келе жатқан экономика жаңа қажеттіліктерді қамтамасыз етудің және ел іші мен халықаралық деңгейде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің үлкен қабілеттілігіне ие. Анықтамасы бойынша, өсіп келе жатқан экономика бар қажеттіліктерді тиімді қамтамасыз ету үшін немесе жаңа бағдарламаларды (мысалы, кедейшілікпен және қоршаған ортаның ластануымен күрес бойынша) құру үшін пайдаланылуы мүмкін жылдың нақты өнімніц өсімімен сипатталады. Нақты еңбекақыларды ұлғайту әрбір отбасы үшін қолжетімді мүмкіндіктердің шеңберін кеңітеді. Экономикалық өсу ресурстардың шектеулілігі мәселесін шешуді жеңілдетеді.

Дамудың экстенсивті тұрпатында экономикалық өсуге өндіріс факторларының сан жағынан ұлғаюы жолымен, ал интенсивті тұрпатында оларды жетілдірудің сапалы және жақсы пайдалануы жолымен қол жеткізіледі.

Табиғи ресурстардың таралуы біркелкі емес. Осының нәтижесінде әртүрлі аудандардың, елдердің, аймақтар мен тұтас материктердің ресурспен қамтылуы, яғни табиғи ресурстардың ауқымы мен оларды пайдалану мөлшері арасындағы қатынасы әртүрлі. Ресурстың әрбір түрі бойынша бұл көрсеткішті осы ресурс жететін жылдар санымен немесе адам басына шаққандағы оның қорларымен көрсетуге болады. Ол кезде екі жағдай туады. Біріншіден, табиғи ресурстың берілген түрі жете ме немесе қанша уақытқа жетеді. Екіншіден, бұл табиғи ресурсты қалай пайдалану қажет (жинақтылығы, тиімділігі, қалдықсыздығы және басқалары).

Табиғи ресурстарды өндіріс үдерісіне тартуға ғылыми-техникалық өрлеудің тигізетін ықпалы өте зор. Ол, бір жағынан, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандырады: өндіруі бойынша арзанырақ және жеңіл тасымалданатын отын ресурстарын анықтау (құбырлар бойынша — табиғи газ); мұнайды толығырақ шығарып алуды және қайта өңдеуді енгізу (қазіргі кезде отын ресурстары үшін орташа түрде қабаттардың берілу коэффициенті шамамен 45% құрайды, оның ішінде: ашық түрде өндірілетін көмір үшін — 80-90%, шахталы өндіру — 35-80%, мұнай үшін — 35%, табиғи газ — 80%), өндірілген отын мен шикізатты пайдалану коэффициентін жоғарылату (бастапқы пайдалы энергоресурстардың пайдалы қолданылуының орташа әлемдік деңгейі шамамен 1/3 құрайды, оның ішінде: көмірді жағу кезінде -20%, мұнайды — 24%, табиғи газды — 48%); қалдықсыз технологияларды (айналымдағы су және басқалары) енгізу.

Ауыл шаруашылығында егіншілік пен мал шаруашылығының қарқынды тәсілдері енгізілуде, өнеркәсіпте — энергия үнемдеуші және материал үнемдеуші технологияларға өту, ресурстарды үнемдеу саясаты жүргізілуде.

Екінші жағынан, ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен ескі өндірістер кеңейеді және ескі өндірістік аудандар «екінші тыныс» алады, жаңа өндірістер құрылады, жаңа аумақтар игеріледі, өндіріске енгізілген пайдалы қазбалардың саны ұлғаяды.

Минералдық-шикізаттық ресурстардың жіктелуіНарықтық экономикасы дамыған елдердің көпшілігінде табиғи ресурстар (әсіресе пайдалы қазбалар) өздерінде бардан көбірек тұтынылады. Жетіспейтін ресурстар көбінесе дамушы елдерден жеткізіледі. Осыған орай, үлкен шикізат ағындары оларды қайта өңдеудің негізгі үш орталығына: Солтүстік Америкаға, Батыс Еуропаға, Шығыс жэне Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталады. Істердің осы жағдайы екі: дамыған елдердің шикізат жеткізуге тәуелділігі және көптеген дамушы мемлекеттер экспортының шикізаттық бағыттылығы мәселесі туады. Елдерді табиғи ресурстармен қамтамасыз етудің біркелкі еместігі, сонымен қатар оларды тұтынуы әртүрлі елдердің экономикалық дамуындағы бірқатар заңдылықтарды алға тартады. Олардың біріншісі табиғи ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында оларды тиімдірек пайдаланудың жолдарын іздестіру қажеттілігіне байланысты. Бұл мәселе дамыған мемлекеттер үшін әсіресе өткір. Нақты айтқанда, олардың соңғы он жылдықта өндірістік даму нұскасы экономикалық дамудың ресурс үнемдейтін жолы болып табылады. 

Белгілі болғандай, табиғи ресурстар жанданатын және жанданбайтын болып бөлінеді. Әсіресе жанданбайтын ресурстарға қамқорлықпен қарау керек. Жанданатын ресурстарға (тұщы су, орман, топырақ) қатысты пәрменді шаралар қолданып, олардың бастапқы жағдайын қалпына келтіру қажет. Әлемнің көптеген елдері белсенді түрде қайталама шикізатты және өндірістің қалдықтарын пайдаланып, осылайша табиғат «қорларын» үнемдейді. Ақырында, аз қалдықты және қалдықсыз кәсіпорындар мен технологиялардың мейлінше көп санын қүруға бүкіл әлем болып ұмтылу қажет.

Рента, экономикалық санат ретінде, табиғи ресурстардан түсетін табысты білдіреді. Экономикада ең үлкен мәнге жер және тау рентасы, яғни жер-сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындарын жалға беруден түсетін пайда ие. Жер рентасының мөлшері қоғамдық және табиғи жағдайларға байланысты. Ауыл шаруашылығында жер неғұрлым жарамды, географиялық орналасуы жақсы және жалданатын жеріндегі тиісті шаралардың өткізілуі себепті жақсартылып жасақталса, мөлшері де анағұрлым жоғары болады. Сөйтіп, мұндағы ренталық қатынастар жер иеленуші мен жалдаушы арасындағы табысты бөлісу бойынша қарым-қатынастарды білдіреді. Өздігінен жер рентасы жер иеленушінің жерді пайдалануға өз қүқығын кәсіпкерге немесе басқа жалдаушыға беруі себепті туады.

Өндіруші өнеркэсіпте де рента бар. Бұл — тау рентасы. Шаруашылық өмірде оны, әдетте, өндіруші компанияның табиғи ресурстардың басты иеленушісі — мемлекетке төлейтін арнайы салықтары (кендерді пайдалануға салынатын салықтар, минералдық-шикізаттық қорды жандандыруға салынатын салық) көрсетеді.

Экологиялық мәселелер

Табиғатты тиімсіз пайдалану нэтижесінде қоршаған ортаның құлдырауының мысалы ретінде жер ресурстарының ормансыздануы мен жұтаңдануын келтіруге болады. Ормансыздану үдерісі, бірінші кезекте, орман және табиғи өсімдіктер алып жатқан аумақтардың қысқаруынан көрінеді. Бүгінгі күні ормандардың азаюы тез қарқьінмен жалғасып келеді: жыл сайын 20 мың шаршы шақырымнан астамы жойылады. Орман алқаптары жыртылатын жерлер мен егістіктердің кеңеюі, ағаштарды даярлаудың өсу шамасы бойынша жойылып барады. Әсіресе қауіпті жағдай тропикалық ормандар аймағында қалыптасады, онда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша 80 жылдары жыл сайын орта есеппен 11 млн га, ал 90 жылдардың басында шамамен 17 млн га ормандар жойылған. Топырақтың құлдырауы үдерісінің нәтижесінде жыл сайын әлемдік ауылшаруашылық айналымынан құнарлылығын жоғалтқан және бос жерлерге айналған 7 млн га табиғи жерлер шығып қалады.

Әлемдік экологиялық жүйенің құлдырауының екінші бір себебі -оның қалдықтарынан адамның өндірістік және өндірістік емес қызметінің бүлінуі. Бұл қалдықтардың саны өте үлкен және соңғы кезде адам өркениетінің тіршілік етуіне қауіпті ауқымдарда өсіп жатыр. Біраз уақыт бұрын барлық әлем үшін олар жылына 100 млрд тоннаға дейін өсу болжамымен 40-50 млрд тоннаға, ал 2000 жылға қарай одан да жоғары бағаланған. Қазіргі заманғы есептер бойынша 2015 жылға қарай мұндай қалдықтардың мөлшері тағы 4-5 есеге өсуі мүмкін. Сонымен қатар қазіргі кезде барлық өндірілетін және алынатын шикізаттың 5-10%-і ғана түпкілікті өнімге өтпейтінін және оның 90-95%-і қайта өңдеу үдерісінде тура қалдықтарға айналатынын ескерген жөн.

Қатты қалдықтардың құрылымында өнеркәсіптік және тау-өнеркәсіптік қалдықтар басым. Олар жалпы алғанда және адам басына шаққанда Ресейде, АҚШ-та және Жапонияда аса жоғары. Қатты тұрмыстық қалдықтардың адам басы көрсеткіші бойынша АҚШ көш бастап келеді, онда әрбір адам басына 500-600 кг қоқыс келеді. Қатты қалдықтардың барған сайын кең ауқымда кәдеге жаратылатынына қарамастан, әлемнің көптеген елдерінде ол не бастапқы деңгейде болады немесе мүлдем жоқ.

Ең алдымен, сұйық қалдықтармен гидросфера ластанады, ондағы басты ластағыштар болып ағынды сулар мен мұнай шығады. Ластанған ағынды сулар мөлшерінің бірлігін пайдалануға жарамды деңгейге дейін араластыру үшін таза судың орта есеппен 10-нан 100-ге дейін және 200-ге дейінгі бірлігі қажет. Сөйтіп, ағынды суларды араластыру және тазарту үшін су ресурстарын пайдалану олардың шығындарының ең үлкен бабына айналды. Бәрінен бұрын бұл Азияға, Солтүстік Америка мен Еуропаға қатысты, оларға ағынды сулардың барша әлемдік шығындыларының 90%-і тура келеді. Қорытындысында, осы күні су ортасының құлдырауы ғаламдық сипатқа ие болды. Шамамен 1,3 млн адам тұрмыста тек ластанған суды пайдаланады, ол көптеген эпидемиялық аурулардың себебі болып келеді. Өзендер мен теңіздердің ластануы салдарынан балық аулау мүмкіндіктері төмендейді.

Атмосфераның шаң тәрізді және газ тәрізді қалдықтармен ластануы үлкен қатер тудырады, олардың шығындылары минералдық отын мен биомассаның жануына, сонымен қатар тау, құрылыс және басқа да жер жұмыстарына тікелей байланысты. Экономикалық дағдарыстың ауқымды және қауіпті мәселесі атмосфераның төменгі қабатына булы газдардың, ең бастысы, көміртек қостотығы мен метанның әсер етуі болып табылады. Көміртек диоксиді атмосфераға, негізінен, минералдық отынның жануы нәтижесінде түседі (барлық түсімдердің 2/3 бөлігі). Метанның атмосфераға түсу көзі ретінде биомассалар, ауылшаруашылық өндірістің кейбір түрлері, мұнай және газ ұңғымаларынан газдың ағуы табылады. Осы шығындылар үшін негізгі жауапкершілік солтүстік жартышардың экономикалық дамыған елдеріне жүктеледі, олардың үлесіне мұндай шығындылардың үлкен бөлігі (АҚШ-қа — 25%, ЕО мүшелері елдеріне — 14%, ТМД мүшелері елдеріне — 13%, Жапонияға — 5%) тура келеді. Планетадағы экономикалық дағдарыстың басты зардаптарының бірі оның генетикалық қорының кедейленуі, биологиялық түрліліктің төмендеуі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *