Енді бізге жеке құқықтық «молекула» деп аталатын құқық нормасымен танысуымыз қажет. Құқық нормасы — бұл адамдардың белгілі бір жағдайдағы мінез-құлық бағдарламасы. Бұл, әрине, зандық модель, өйткені, онда адамдарға бағытталған белгілі бір құқықтары мен міндеттері жазылып көрсетілген барлық мінез-құлық нормасы берілген. Мысалы, азаматтың бұзылған құқығын сотта қалпына келтіру құқығын реттейтін нормада өзінің бұл жөніндегі талап-арызын сотқа жолдауға құқықтығы, ал оны қабылдау соттың міндеті көзделген.

Осыдан келіп, мынаны байқауға болады: кез келген занды мәндес мінез-құлық барлық жағдайда басқа адамға қатысты тәртіп (мінез-құлық) болып табылады. Демек, құқылық іс-әрекеттің ерекшелігі сод, ол бір мезгілде іс-әрекет жасайтын-дар мен осыған қатысуиіылардың арасындағы қатынасты ту-дырады. Бұл қатынас құқықтық немесе зандық делінеді. Құқық нормасы, сөйтіп, мінез-құлық (тәртіп) моделін және осы мінез-құлыққа қатысы бар адамдардың мүдделерінің арасындағы құқықтық қатынастар моделін қамтиды.

Норма дегеніміз — қоғамның даму барысында қалыптасқан мінез-құлық ережесі. Адамзат, бәрімізге мәлім болғандай, әр түрлі қатынастарды реттейтін көптеген мінез-құлық ережелерін бекітті. Солардың ішінде техникалық және әлеуметтік топтық нормалар айрықша орын алады. Техникалық және әлеуметтік нормалар (ережелер) бір-бірімен өзара байланыста болады.

Көптеген заң және үкімет актілері техникалық ережелер мен техникалық нормаларды, яғни адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен, техникамен және табиғат күштерімен қарым-қатынас ережелерін анықтайтын нормаларды бекітеді.

Қазақстан Республикасында жеке және бірлескен кәсіпкерлік, коммерциялық және сауда қызметінің дамуына байланысты өнім сапасын мемлекеттік бақылау туралы, денсаулық және түтынушылар құқықтарын қорғау туралы, рынокты жалған өнімдер мен тауарлардан қорғау туралы мәселе барған сайын өткір сипат алуда.

Нормативтік-құқықтық актілерде көбіне не сақталуы заң жағынан міндетті деп танылатын техникалық нормаларға сілтеме жасалады, не олардың мазмүны баяндалады. Техникалық норманың актіде баяндалғандай күйде сақталуы осы нормативтік акт бағыттаған түлғалар үшін заң жағынан міндетті (МЕМСТ-тар (мемлекеттік стандарттар), қауіпсіздік техника ережелері, техниканы пайдалану, суландыру құрылғыларын салу жөніндегі нүсқамалар және т.б. осындай). Нормативтік-құқықтық актілер тиісті нүсқамаларға сілтеме жасай отырып, белгілі бір техникалық нормаларды сақтаудың неғүрлым жалпы нүсқамаларын береді (ауыл шаруашылығы машиналарын техникалық пайдалану ережелері, ветеринарлық санитарлық ережелер және т.б.). Мүндай нормативтік актілер техниканың даму деңгейіне сәйкес сол кезде бар техникалық нормаларды сақтауға, алушылар үшін зандық міндеткерлік туындата отырып, сілтемелік я болмаса дербестік сипатта болады. Бүл нормаларды кінәлы болып бүзу құқық бүзушылық ретінде бағаланады.

Мүндай техникалық актілер заңдарды жүйелеу кезінде іс жүзінде ескеріледі, бірақ енгізу қисынсыз болғандықтан (олар өте көп томды болып келеді) зандардың хронологиялық және жүйелік жинақтары мен жиынтықтарына (сводка) енгізілмейді.

Сөйтіп, біз техникалық нормаларының құқық нормалары-мен қамтамасыз етіліп, өзара тығыз байлаңыста болатындығын көрдік. Ал енді әлеуметтік нормалар жөніндегі білімімізді жоғарыда сөз еткен едік, сондықтан оны қайталамауды жөн деп таптық.

Құқық нормалары дегеніміз мемлекет тағайындаған не мақұлдаған және құқық бүзушылықтан қорғайтын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесінің эталоны, үлгісі, ол, әрине, қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді. Олар тәртіпті мемлекеттік реттегіш болып саналады, өйткені онда мемлекеттің еркі айқындалады.

Құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуі — өте күрделі және сан қырлы құбылыс. Ол өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы мінез-құлықтың нақты нұсқаларын белгілеумен бірге дәл құқықтар мен міндеттерді (жұмысқа қабылдау, тергеу жұмыстарын жүргізу тәртібі) қамтиды, мінез-құлықтың жалпы қағидаларын анықтайды, тиісті материалдық және рухани құндылықтар мен игіліктердің құқылық режимі қандай екендігін, құқық субъектілері нақты іс-әрекеттерінің қандай зандық мәні бар екенін, мемлекетте қандай мекемелер жұмыс істейтінін және олар қалай құрылғанын, белгілі бір заңдық ұғымның нені білдіретінін белгілейді. Құқыққа өз нормаларының белгілі бір дәрежеде мамандануы, олардың бір-біріне қатысты функционалдық жағынан оқшаулануы тән. Бірақ бұл орайда олардың бәрі тығыз байланыста бола отырып, қоғамдық қатынастарды реттеудің қажетті құрамдас бөліктері болып табылады.

Құқық нормалары — образ ретінде айтатын болсақ, бұл үй қалауға қажетті кірпіш тәріздес құқық жүйесінің іргесін қалаушы құрал (2.5-қараңыз). Жоғарыда құқық нормаларының айрықша белгілерін айтқан болатынбыз (әдет-ғұрыптан, мораль нормаларынан және т.б. әлеуметтік нормалардан). Бұдан басқа да құқық нормалары ерекше белгілерімен айқындалады.

Құқық нормаларынан өзгеше жеке құқылық актінің (мысалы, соттың жеке іс бойынша үкімі, сыйға тарту шарты) нормаға негізделе отырып, бір жолғы мәні болады, жеке белгілі бір адамға қатысты болады. Мәселен, жұмысқа қабылдаудың еңбек туралы зандарда белгіленген жалпы тәртібі норма болса, кәсіпорын немесе мекеме басшыларының нақты азаматты (айталық М.-ді) жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы жеке акт. Бұдан нақты жеке тұлға көрсетілмеген не қоғамдық қатынастар түріне бағытталған қандай да болсын нұсқама үнемі қүқық нормасы бола береді деп түсінбеу керек. Мысалы, «2001 жылғы мал қыстатуды ойдағыдай өткізгені үшін мал қыстатуды өткізуге қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс жарияланып бағалы сыйлықтар берілсін» деген нұсқама жеке адамға арналмаған, ол да бір жолғы орындаумен аяқталатын нұсқама. Онда алғыс жарияланған адамдардың дәл еңбек кітапшасына тиісті жазба жазу бұйырылған лауазымды адамдардың да тектері көрсетілмеген. Солай бола тұрса да бұл құқық нормасы емес.

Ол өзінің зандық табиғаты жағынан шебер Сыбановқа немесе машинист Амановқа қызмет бабындағы немесе өндірістік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін алғыс жариялау туралы бұйрықтан ешбір айырмасы жоқ.

Жеке актілерден басқа, құқық нормаларынан жалпы сипаттағы нормативтік емес актілерді ажырату керек. Олар тұтастай бір құқық нормаларын қамтиды, оларды орындауға құқықтың көптеген субъектілері қатысады, бірақ олар да бір жолы орындауымен тынады (мысалы, өкімет органының (Президентінің кешірім беру туралы шешімі, профилактикалық егу жүргізу туралы бұйрық, және т.б.).

Құқықтық нормалар қашанда нақты, формальды түрде бекітілген нысанда (заңдарда, жарлықтарда және өзге де құқықтық актілерде) болады. Сондықтан мұндай нормалар мемлекеттік өкіметтің ресми, жалпы жұртқа міндетті нұсқамалары бола отырып, формальды түрде белгіленген ереже болып табылады. Құқықтық нормалар ресми құжаттарда дәл және жеткілікті дәрежеде тәптіштелген ережелер түрінде тұжырымдалатыны осы формальды нақтылыққа байланысты, олардың дұрыс түсініліп, қолданылатыны осымен қамтамасыз етіледі.

Кез келген құқықтық норма белгілі бір құрылымнан, яғни ішкі құрылысынан түрады. Құқық нормаларының құрылымын айтпастан бұрын оның қандай бөліктерден (элементтерден) тұратындығын және олардың арасындағы байланысты анықтау қажет.

Құқық нормаларының құрылымы — бұл қажетті элементтердің функционалдық еріктілігін қамтамасыз ететін ықшамдалған жиынтығы. Ондай бөліктер (элементтер) үшеу:

1) гипотеза — бұл сондай құқық нормаларының элементі, мұнда норманың іс жүзіне асырылуға тиіс жағдайларды көрсетеді, оның әрекет ету саласын анықтайды. Басқаша айтқанда, норманың қашан және қандай нақтылы өмірлік жағдайларда күшіне енеді және ол кімдерге қатысы бар екендігін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Занда адамның жасына байланысты зейнеткерлікке шығу құқығының нақтылы жағдайлары көрсетілген: орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап, еркектерге 63 жас, әйелдерге 58 жас, ал бүлардың тиісінше еңбек стажы, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, 25 және 20 жыл болулары тиіс. Зейнеткерлікке жеңілдетілген жағдайлар бойынша да шыға алады (айталық, төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде зардап шеккендер; ауылдық жерде тұратын, 5 және одан да көп бала тауып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, т.б.).

2) диспозиция — бұл гипотезадағы көрсетілген құқық нормасының іске асырылу жағдайларының тууына байланысты пайда болатын субъектілердің құқықтары мен міндеттері тағайындалуы арқылы нақтыланатын мінез-құлық ережесінің моделі. Демек, диспозицияда құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі (олар не істей алады немесе істеуге тиіс деген сұраққа жауап береді). Басқаша айтқанда, диспозиция — мінез-құлық ережесінің (құқықтық талап) жазылу мазмұны. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңының (2000 ж.) 9-бабында жеке еңбек шартының мазмұны берілген. Қылмыстық құқықта мысалы, ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, — делінген (175-бап, 1-тармақ).

3)  санкция — осы мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын мемлекеттің ықпал ету шаралары. Яғни, диспозицияның іске асыру күй-жайын қамтиды (ынталы ықпал ету және жазалау шараларын қолдана отырып). Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей, өнегелі еңбектері үшін қызметкерлерді ордендермен, медальдармен, айрықша белгілермен, сыйақымен марапаттау. Немесе, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабында: «Адамды ұрлау — 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — делінген. Әрбір сөз етілген элементтердің құқық нормалардың құрылымында өз еркі және атқаратын рөлі ерекше болады. Гипотезасыз норма өзіндік мазмұнын жояды. Ал санкциясыз норма өз күшінен айықылады. Сондықтан, құқық нормаларының конструкциясын мынадай модельде көрсетуге болады: «Олай болмаса… былайша…».

Санкция диспозицияның бұзылуына байланысты туатын қолайсыз жағымсыз жағдайларды көрсететін нормалардың бөлігі. Құқық нормалары құқықтағы өзінің рөлін атқара алмас еді, егерде олардың құрылымдық элементтерінің біреуі болса да заң актілерінде көрсетілмесе.

Демек, құқық нормалары, олардың барлық элементтері заң баптарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетіледі. Кей кездерде, қандай да болмасын құқық нормаларының элементтері нормативтік құқықтық актінің баптарында толық тұжырымдалмауы мүмкін, тек түсініледі, оны логикалық ойлау арқылы анықтауға болады, өйткені олар сол актінің немесе өзге нормативтік актілердің басқа баптарынан (тармақтарынан) қисынды түрде туындап жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің барлық баптары бір принципке негізделініп құрылған. Онда диспозиция гипотезада айқындалған іс-әрекетті жасауға тыйым салуды көздесе (мәселен, қасақана кісі өлтіру), ал санкция — оны жасаған кінәлы адамға жазаның түрін қолдануын анықтайды. Бірақта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігінде: Кісі өлтіру, яғни басқа адамға қүқыққа қарсы қасақана қаза келтіру 6 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, — деп жазылған. Өзіміз көріп отырғанымыздай, мүнда қасақана кісі өлтіруге тыйым салынсын деген жазу жоқ. Соған қарамастан әрбір дені-сау адамға диспозиция айрықша жазылмаса да түсінікті, қасақана адамды өлтіруге болмайтындығы (диспозиция), егерде бола қалған жағдайда қылмыстық жазаға кінәлы адамның тартылатыны (гипотеза) бәрімізге мәлім. Мүндай жағдайларда гипотеза мен диспозиция бірігіп кеткендігі білініп түр, ойткені келтірілген мысалдан қандай да болмасын іс-әрекетке тыйым салу (диспозиция) арқылы оның белгілерін анықтауға (гипотеза) болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *