Архив рубрики: Философия

Алғашқы философтар және олардың ілімдері

Өте ежелгі заманда Шығыста (Үндістан мен Қытайда) алғашқы философтар әлеуметтік құрылымның шектері жағында орналасқан адамдар – кезбе даналар, тақуалар, көпшіліктен қол үзгендер болды. Қоғамдық тәртіптен, дәстүрлер мен таптаурын ойлардан тәуелсіз болу оларға дүние мен адам туралы еркін және сыни тұрғыдан пайымдаулар жасауға мүмкіндік берді.Шығыста философияның қарқынды дамуы б.з.б. VII ғасырдан басталады. Мұнда философияның пайда болуына… Читать далее »

Философ деген кім?

Ежелгі Грекия даналары өз шәкірттерін өмірдің ерекше салты мен таным стиліне үйретті. Ежелгі Үндістанда дағдыларды беру формасы Упанишада (санскр. ира – «жанында» және sad – «ұстазбен отыру») атауына ие болды. Шәкіртке білім (веда) ұстазымен үнемі қатар жүрген кезде, «мен сияқты істе» ұстанымы іске асырылған жағдайда ғана ашылады. Ұстаз басты нәрсені екінші дәрежелі нәрседен айыруға, көзге… Читать далее »

Философия – ақыл-ой мәдениеті

Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс:  «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау… Читать далее »

Философия – зерделі және берекелі өмір туралы ілім

Антикалық қоғамда ежелгі грек философы Эпикурдың (б.з.д. 342-270жж.) этикасы даңққа бөленді және қызу талқыланды. Эпикур Самос аралында дүниге келді, одан кейін Афиныға көшті, бұл жерде ол «Эпикур бағы» (оның мектебі орналасқан жер) деп аталған философия мектебін ұйымдастырды. Эпикур жүйесі сол кездегі философияның барлық бөлімдерін: онтологияны – физиканы, таным теориясын және мораль мен мемлекет туралы ілімді… Читать далее »

Философияның адам және қоғам өміріндегі рөлі

Б.з.д. 800 және 200 жылдар аралығында тарихтағы ең шұғыл бетбұрыс жасалды. Бұл уақыт ішінде философияда көптеген жаңалықтар ашылды. Нақ осы кезеңде Қытайда Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы сияқты ойшылдар өмір сүрді және Қытай философиясының барлық бағыттары пайда болды. Үндістанда Упанишадтар дүниеге келіп, Будда өмір сүрді. Персияда (Иранда) Заратустра қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы күреске толы дүние туралы үйретті;… Читать далее »

Ежелгі Шығыс философиясы слайд

Слайд Ежелгі Шығыс философиясы және оның ерекшеліктері туралы. Шығыс философиясының мазмұны. Слайд беттерінен философтардың өмірлік ойлары мен тұжырымдамалары енгізілген. Древняя философия востока зародилость на ряду с философией Греции.Философия как независимая дисциплина начинает свое существования в середине I тысячелетия до н. э. в одно и тоже время в трёх античной цивилизации — в Китае, Индии и… Читать далее »

Қазіргі заман философиясы

Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше. Әртүрлі әлеуметтік-саяси уәжіптердің дамуы, олардың арасындағы қайшылықтар екі дүниежүзілік соғысқа әкеліп, әлемді ядролық апатқа соқтыру қаупін тудырды. Ақыр соңында,… Читать далее »

Гегель философиясының жүйесі

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті. Ол объективті идеализм тұрғысынан диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын ашты және дәлелдеді.Гегель, Кант ұсынған мән және құбылыстың арасындағы мета-физикалық бөлінумен келіспеді. Құбылыс, Гегелдің ойынша, мәннен кем объективті емес. Мән құбылыс арқылы… Читать далее »

Канттың философиялық жүйесі

Иммануил Кант (1724 -1804) неміс классикалық философиясының негізін жасаушы, ол логика, теология, философиямен қатар математика мен жаратылыстануды да терең зерттеді. Кант философиясының дамуын әдетте екі дәуірге бөледі: бірінші — «сыншылдыққа» дейінгі 70-ші жылдарды атайды, екінші — «сындық кезең», негізгі туындылары да сол арада философты дүниежүзілік даңққа жеткізген: «Таза ақыл-парасат сыны» — таным теориясына арналған ең… Читать далее »